Карантин мұңаюға себеп емес. Мұны «Достар» мәдениет сарайының ұжымы дәлелдеуде. Олар түрлі онлайн шаралар ұйымдастырып, шығармашылық сабақтар да ұйымдастырылуда.
– Хореография мен вокал сабақтарын онлайн түрде күнде өткіземіз. Біздің шәкірттеріміздің қатарына басқа да аймақтардың тұрғындары қосылуда. Олар бейнесабақтарын арнайы парақшалардан көріп, жетекшілермен байланысқа шығуда. Енді Нұр-Сұлтан мен Петропавл қалаларынан да балалар қатысуда. Тіпті көршілес Ресейден бір қыз бала ниет білдірді. Сондай-ақ ақындар мен күйшілердің мектебі де ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ұлттық аспаптарда ойнауды үйренуден сабақтар өткізіледі, – дейді «Достар» мәдениет сарайының бөлім меңгерушісі Екатерина Ауғанбаева.
«Достар» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымымен бірге карантиндегі әр күніңізді қызықты өткізуге болады. Олар онлайн түрде дәстүрлі және заманауи билерді үйретуде. Ал шындап келгенде мұндай сабақтар кез-келген адамның дене бітімін қалыпты ұстауға тигізер септігі мол. Онлайн сабақ барысында ән айтып, мәнерлеп оқуға да ерекше мән берілген. Мәселен, онлайн сабақтардың бірі Абайдың 175 жылдығына орайластырылған.
Міне, осылайша карантин кезіндегі әр күніңізді қызықты әрі пайдалы етіп өткізуге болады. Ол үшін тек ниетіңіз болса жеткілікті.