Қазақстан • 23 Сәуір, 2020

Қылқаламмен Жеңіс жайын жыр еткен...

1093 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің сәті. Сөзбен суреттеп болмас бұл бұл сәтті көкшетаулық қылқалам шебері Ибрагим Исеновтың жылдар бойы қылқаламмен кенеп бетіне түсіріп келеді. Суретшінің еңбектері әлемнің түпкір-түпкіріне таралған.

Қылқаламмен Жеңіс жайын жыр еткен...

Бір суретке қылқалам шебері жарты жылуақытын жұмсапты. «Ана» туындысы Ибрагим Исеновтың жан-дүниесіне жақын. Кенептегібейнемен суретші өзінің балалық шағынан хабар береді. Мұндағы тігін машинасы мен ескі үтікқылқалам шеберінің жеке мұражайында әлі де сақтаулы.

–Анамның аялы алақаны жадымнан ешқашан өшпейді, дейді ол,–көкірегімді қоламтаның шоғындай жылытып жүретін бір бейне.

Анасы 14 жасынан еңбекке араласып, трактормен жер жыртқан. Сонау сұрапыл 1937жылы тұңғышын дүниеге әкеліпті. Соғыс жылдары егіс алқабында еңбек етіпті. Түнде құшағындағы сәбиін әлдилеген.

Ибрагим картинаны аяқтауға ерте дейді. Образ жасалды, алайда кейіпкердің психологиялық болмысын әлі де зерделеу керек екен. Толық бейне соғыстан емес, жеңістен хабар беруі тиіс.

Бұл суретте де ананың мейірімі мен жан жылуын бейнелеу мақсат етілген. Тыл ардагерінің барлық 9 баласы өз алдына өмір жолын тапқан. Білім алып, отбасы құрған. Олардың барлығы сурет салады. Ибрагим Исеновтың галереясында әскери тақырыпқа арналған картиналар көп. Олардың бірінде жеңіс салт атты адам бейнесінде, екіншісінде күн сәулесі мен жасыл желек арқылы берілген. Суретші Ұлы Жеңістің 70 жылдығында өзінің туған ауылы Қызылсаяның 64 ардагерінің портреттерін салып шығыпты. Бұл суреттердің барлығы ардагерлердің ұрпақтарына сыйға тартылған.

Жеңіс күні мен үшін бала кезімнен ерекше мереке болатын. Көптеген туындыларымды ардагерлер мен музейлерге сыйға тарттым. Әрине, соғыстың бояулары сүреңсіз, сұсты. Оны әр суретші әртүрлі сезінеді. Мен әрқашан портреттік бейне іздеймін. Ал фонында танктер, рейхстаг тағыда басқалары болуы мүмкін,–дейді суретші Ибрагим Исенов.

Қылқалам шеберінің қолынан 3 мыңнан астам туынды шығыпты. Негізінен портрет мен натюрморт.  Барлығы майлы бояумен салынған. Өнер туындыларының географиясы Казахстан, Марокко, Испания, Греция, Германия, Мальта, Корея, АҚШ тәрізді елдерді қамтыған. Алда әлі көптеген жаңа ойлар бар. Біразы басталған, қалғаны әлі қиял әлемінде.

 

Көкшетау қаласы.