Келісім «Үндістанға деген адалдығымызды, Jio бастаған радикалды қайта құруларға деген қызығушылығымызды көрсетеді» деп жазды Facebook өкілі Дэвид Фишер мен Jio Platforms Ltd компаниясының басқарушы директор Аджит Мохан әлеуметтік желідегі блогында.
Олардың айтуынша, Jio-мен ынтымақтастық - «дамып жатқан цифрлық экономика жағдайында адамдар мен компаниялар арасында интеграцияның жаңа мүмкіндіктерін пайдалануды көздейді. Атап айтқанда, компаниялар Үндістанда 400 миллионнан астам пайдаланушысы бар Facebook-қа тиесілі WhatsApp мен Jio бастаған JioMart электрондық коммерция платформасын біріктіруді көздейді.
Сонымен қатар, Facebook елде WhatsApp арқылы төлем жасау функциясын іске қосуға дайындалып жатыр.