13 Қыркүйек, 2013

Базарда – ала қарбыз, қырда – қыруар картоп

409 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қостанайдағы көтерме базарда тұрған Татьяна алушыға әр қарбызын аялағандай сипап береді. Келушілер ала қарбыздың да, қара қарбыздың да дәмін көріп, шырындығы ұнаса сөзге келмей алып жатыр. Қарбыздарының іші қып-қызыл, тәттілігі тіл үйіреді. Ең үлкенінің салмағы он килограмнан асып кетеді. Татьяна мен Эверест Кимнің несібесіне қарай шілде айының жаңбырлы болып, қапы кеткен ыстығы қыркүйекке жылжығындай, күн кәдімгідей шекені қыздырып тұр. Қарбызды алушы көп. Өнімін сатып, ақшасын алған Татьяна да, сәтімен кездескеніне алушы да мәз, таразыда теңкиіп жатқан ала қарбызға көңілі толғандай екеуі де жымиып қарайды.

IMG 7259

 

IMG 7259

Қостанайдағы көтерме базарда тұрған Татьяна алушыға әр қарбызын аялағандай сипап береді. Келушілер ала қарбыздың да, қара қарбыздың да дәмін көріп, шырындығы ұнаса сөзге келмей алып жатыр. Қарбыздарының іші қып-қызыл, тәттілігі тіл үйіреді. Ең үлкенінің салмағы он килограмнан асып кетеді. Татьяна мен Эверест Кимнің несібесіне қарай шілде айының жаңбырлы болып, қапы кеткен ыстығы қыркүйекке жылжығындай, күн кәдімгідей шекені қыздырып тұр. Қарбызды алушы көп. Өнімін сатып, ақшасын алған Татьяна да, сәтімен кездескеніне алушы да мәз, таразыда теңкиіп жатқан ала қарбызға көңілі толғандай екеуі де жымиып қарайды.

– Күннің осылай ыстығы созыла түссе екен деп тілеп отырмын. Ауа райын болжаушылар қыркүйек айының құрғақ, жылы болатынын айтып отыр ғой, таңертең базарға келерде үйден қуанып шығамын. Барлығы да белгілі тіршілік қой, адамдар күн жылы болғанда қауын-қарбызды іздейді, – дейді қарбыз сатып отырған Татьяна Константиновна.

Иә, «шаруаның өз малы – өзіне қуаныш». Жазымен арқасын күн жеп, бетін жел қағып жүріп еткен еңбегінің қайтарымы болса дейді. Олар Қостанай қаласынан 150 шақырымдай жердегі Таран ауданындағы Новоильин селолық округінен 20 жылға жер алып, қарбыз, көкөніс егеді. Олардың «Viva» шаруа қожалығы былтыр 15 гектар жерге егін салып еді, биыл оны бес гектарға көбейтті.

Биыл бес гектар қарбызды көп ектік. Өйткені, өткен жылы өнімді қыркүйек айы басталмай тұрып-ақ түгел сатып болған едім, шырын татыған қарбызды жұрт тез алып кеткен. Сондықтан биыл оның гектарын көбейткенді дұрыс көрдік, дейді Татьяна Константиновна.

Қарбыз егу аса қиын шаруа емес шығар, дейміз біз Татьянаның тырнағын жасанды өсіріп, бояп қойған саусағын қысып тұрып, ризашылығымызды білдіріп. Сіз мені қарбыз піскенде көріп отырсыз ғой. Эверест екеумізді көктемде, егіннің басында көрсеңіз танымас едіңіз. Диқаншылық оңай деп кім айтты? Өте ауыр жұмыс. Сәуір айында, қардың көбесі сөгіліп, жердің тоңы жібіп, топырақ жыли бастағанда бізді қырдан көресіз. Қарбыз тамыз айына үлгеріп пісу үшін сәуірден бастап, жылыжайда қарбыздың шопағын еге бастаймыз. Көшет дайын болған кезде оны 20 гектар жерге пленка жауып ектік. Мұның барлығы да қолмен атқарылады. Одан кейін суарып отыру үшін арық салу қандай ауыр. Бірақ біз осы кәсіппен өмір бойы айналысып келеміз. Кәсібіңді жақсы көрсең одан басқа іс жоқтай, өзгеге бұрылуға мұршаң келмейді. Күзде ақшасы көрінген кезде жаздайғы ауыр еңбекті бір сәт ұмытқандай боласың, дейді Татьяна Константиновна. «Viva» шаруа қожалығының Таран ауданындағы тың жерге қарбыз салғанына 7 жылдай болып қалыпты. Соңғы жылдары Үкімет тарапынан бақша еккендерге көмек бар. Бақшаның әр гектарына биыл 30 мың теңге субсидия төленді. Бұл шаруалар үшін аз көмек емес. Диқанның айтуынша, бақша егісінің шығыны көп. Үш күн сайын суарылады, оған техника, жанар-жағармай керек, негізінен жұмыс қолмен атқарылатындықтан жалдамалы жұмысшыларға ақы көп төленеді.

Осыған да қанағат. Бұрын мұндай көмек те болмады ғой. Қазір көтерме бағамен қарбыздың килограмын 35 теңгеден сатып жатырмын. Соның 20 теңгесі қарбыздың өзіндік құнын жабады. Сонда біздің пайдамыз 15 теңге деңіз. Соның ішінде базардағы күн сайынғы сауда нүктеміздің ақысы, салық, жүрген-тұрған жолақымыз, күзетші ақысы – барлығы бар. Осылардан қалғанын пайда көреміз. Ақша оңайлықпен келмейді, дейді диқан Татьяна Ким.

Татьяна мен Эверестің қар­бызға маманданғаны сонша­лықты, олар бұл дақылды ылғи зерт­теп отырады. Көктемде оның Қостанай өңіріне өсетін, суық­қа бейім, тез пісетін, шырынды сорттарының тұқымын таңдап алдырып егеді. Сондықтан олар тыңайтқыш салмаса да, қарбызды тұтынушығ