Қазақстан • 10 Мамыр, 2024

БҚО-ның төрт ірі су қоймасы 93%-ға толды

146 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

 

министрлігінің баспасөз қызметі еліміздің су қоймаларындағы жағдай туралы баяндап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-ның төрт ірі су қоймасы 93%-ға толды

Фото: gov.kz

 

Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 93%-ға толды. Барлығы штаттық кестеге сәйкес жұмыс істеп тұр. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр.

Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі - 768 см, ол бір тәулікте 6 см-ге төмендеді.

Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сәйкес жұмыс істеп тұр. Өңірде су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Астананың қорғаныс бөгетінен Есіл өзеніне тәулігіне 4,32 млн текше метр су жіберіледі.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы. Есіл өзенінде су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда.

Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі - 1088 см. Ол бір тәулікте 8 см-ге төмендеді.

«Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Ал Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 84,6%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 53,2%-ға толды. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр», делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ 10 сәуірде басталған Шүлбі су қоймасынан Ертіс өзеніне су өткізу барысында 6,7 млрд текше метр су жіберілді.

Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Аймақта су тасқынының белсенді кезеңі өтті.

Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші - 92%.

«Су қоймаларында «Қазсушар» мамандарының кезекшілігі және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жүріп жатыр. Су қоймаларында жиналған су ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі», деп қосты министрлік баспасөз қызметі.