Әлем • 23 Сәуір, 2020

Ресейде алаяқтықтан келген залал 6 миллиард рубльден асқан

195 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сарапшылар Ресей елінде автокөлікті сақтандыру саласында алаяқтық әрекеттердің биылғы жылы да саны артады деп болжап отыр. Олардың пікірінше, Ugon деп аталатын сақтандыру саласындағы алаяқтық әркеттер 30-35 пайызға артуы мүмкін.  2019 жылы сақтандыру алаяқтықтан келтірілген залал 6 миллиард рубльден асып, шағымдардың шамамен 20 пайызы қылмыстық сипатқа ие болған. Ал алаяқтық жағдайлардың 70 пайызы тұрмыстық жағдайлармен байланысты болып келеді.

Ресейде алаяқтықтан келген залал 6 миллиард рубльден асқан

Ресейлік Автосақтандырушылар Одағы атқарушы директорының орынбасары Сергей Ефремов әдетте автокөліктер ұрлығы лизингтегі көліктермен байланысты екендігін алға тартады. Алаяқтар бір күндік фирмалар құрып, лизингке көлік рәсімдегеннен кейін оны ұрланды деп тауып, шетел асырып отырған. Ал карантин аяқталғаннан кейін қосалқы бөлшектерге қатысты ұрлықтың өсуі мүмкін. Қазіргі кезде банктер лизинг бойынша шарттарын, компанияларды тексеруді күшейткен. Нәтижесінде бұрын қолданыстағы көліктердің ұрлығы ашылуы мүмкін.

Ресейдегі алаяқтықтың тағы бір түрі төмен бағада полистерді сату. Алаяқтар полисті машинаға емес, мотоциклге рәсімдеп, коэффиценті төмен аймақтарды таңдайды. Мұндай полистер арқылы көлікті есепке қоюда немесе жол-көлік инспекторы тексерген кезде сақтандыру полисіне бола назар аудармауы ескеріледі. Алайда жол көлік апаты орын алған жағдайда мұндай полистер көлік иесіне көмектесе алмайды.

Сарапшылар, сақтандыру саласындағы алаяқтықтың алдын алуда телематика қолдану қажеттігін айтады. Жол апаты орын алған жағдай сақтандырушы апат туралы толықтай ескертпе алады. Нәтижесінде оның бұлтаруға мүмкіндігі болмайды. Әзірге Ресейде телематикалы каско полистері 50 мыңнан аспайды. Дәл қазіргі жағдайда оны өзгертуге мүмкіндік бар.