«Маңғыстау облысы бойынша департамент облыстық прокуратурамен бірлесе Полиция департаменті лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекетінің жолын кесті. Олар жезөкшелікпен айналысу үшін Ақтау қаласы аумағында притон желісін ұйымдастыруда шетел азаматтарына қамқорлық жасап келді деген күдікке ілінді, деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Аппарат басшысы Қ. Жапақов онлайн брифингіде.
Полиция қызметкерлері карантин режиміне қарамастан, притондардың құқыққа қайшы қызметінің жолын кесуге негізделген шараларды қабылдамаған, сондай-ақ коронавирус инфекциясын жұқтырған адамның жезөкшелікпен айналысқандармен тікелей байланысы бар екендігін жасырған.
Қазіргі таңда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі парақорлық, лауазымдық өкілеттікті теріс пайдалану, жезөкшелік притондарын ұйымдастыру, сондай-ақ адамдар өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын жағдайлар туралы ақпаратты жасыру фактілері бойынша тергеу амалдарын жүргізуде.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 87 адам оқшауланды және тексеру барысында екі шетелдіктен коронавирус инфекциясы анықталды. Оқшауланғандар арасында притондарда жезөкшелікпен айналысқандар да бар.