Статистика комитетінің алдын ала деректері бойынша 2020 жылғы қаңтар-наурыз аралығында қаржыландырудың барлық көздері бойынша тұрғын үй құрылысына 282,9 млрд теңге инвестиция жұмсалды немесе 2019 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 16,3% құрайды.
Жалпы алаңы 2 641, 628 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2019 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 96,4%-ды құрады.
Барлығы республика бойынша 21 069 бірлік тұрғын үй, оның ішінде 9 969 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, сатып алу мүмкіндігісіз жалға берілетін тұрғын үй салуға (сатып алуға) республикалық бюджеттен 90 млрд теңге сомасына қаражат бөлінді.
2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес әкімдіктерге 4,8 млрд теңге аударылып, бұл қаражаттың 4,7 млрд теңгесі немесе 97,8%-ы игерілді.
«Нұрлы жер» бағдарламасының жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үй құрылысына 34 млрд теңге бөлінбек. Бұл тағы 4 000 отбасын жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 10 000 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Жыл соңына дейін 3 000 жұмыс істейтін жастарды жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 14,4 млрд теңге бөлу жоспарлануда.