Коронавирус • 23 Сәуір, 2020

Алматы облысында тағы 3 адам індет жұқтырды

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ аудандарының 1979, 1983 жəне 1969 жылы туған тұрғындарының індет жұқтырғаны анықталды.

Алматы облысында тағы 3 адам індет жұқтырды

Науқастардың екеуі Қарасай аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне, ал біреуі Еңбекшіқазақ ауданаралық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды. Үш  наусқаспен 38 адамның байланыста болғаны белгілі болды. Олардың бәрінен анализ алынып, эпидемиологиялық зерттеу жасалуда.

Жалпы, осы сәтке дейінгі дерек бойынша Алматы облысында коронавирус белгісі анықталған 65 адам тіркелді.