Аймақтар • 23 Сәуір, 2020

Алматының жас суретшілері дәрігерлерге арнап мурал салды

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда Алматыда тәулікпен санаспай, үйлерінің бетін айдан астам көрмей, індетпен күресіп жатқан 3,5 мыңнан астам медицина қызметкері бар.

Алматының жас суретшілері дәрігерлерге арнап мурал салды

Қаламыздың жас суретшілері қауіпті індетпен күресіп жүрген осынау дәрігерлерге арнап мурал салды. Муралдың алғашқысы қаладағы Құрманғазы мен Ә.Шәріпов көшелерінң қиылысындағы тұрғын үйдің қабырғасында пайда болды.

Міне, осылайша күн сайын медицина қызметкерлері өз бастарын қатерге тігіп, COVID-19-ға қарсы іс-қимылда алдыңғы шепте еңбек етіп жүр.

Алматылықтар қауіпті індеттің беті қайтып, өміріміз қалыпты арнаға түскенде, осы муралға қарап, ақ халатты абзал жандардың басынан кешкен күндерді ерекше ризашылықпен еске алып отыратын болады.

 

 

АЛМАТЫ