Ақсу ауданында атыс қаруы бар бір топ адам жиналып жатыр деген ақпарат түскеннен кейін жедел-тергеу тобы мен полицияның арнайы бөліністері қызметкерлері дереу іске кірісті. Нәтижесінде Қапал ауылының шетінде орналасқан Кіші Шымбұлақ елді мекенінде 5 автокөлікпен келген 19 адам ұсталды. Аталған тұлғалар мәнерлеп сырғанаушылардың бірінің туған күнін тойлау үшін жиналған.
Облыс орталығының тұрғындарына тиесілі «Тойота Камри 50» және «Лексус 330» маркалы автокөліктерін тексеру кезінде 4 травматикалық тапанша, 1 атыс қаруы және 43 патрон тәркіленді. Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Төтенше жағдай кезінде карантин режимін бұзғаны үшін 19 адамға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды, материалдар ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша сот қарауында жіберілді.
Ұсталған 4 адамнан атыс қаруы алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.