Әлем • 22 Сәуір, 2020

Испанияда карантин мамырдың ортасына дейін ұзартылмақ

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияда соңғы 24 сағатта коронавирустан 435 адам қайтыс болды. Осылайша, елде вирустан қайтыс болғандардың жалпы саны 21 717 адамға жетті. Испания премьер-министрі Педро Санчес төтенше жағдайды ұзартуға өтініш беретінін мәлім етті. 

Испанияда карантин мамырдың ортасына дейін ұзартылмақ

Сәрсенбі күні оның ұсынысы Парламент талқылауына шығарылады. Егер мақұлданса, елде карантин осы жылдың 9 мамырына дейін ұзартылады. Әр сенбі Санчес Испания үкіметінің ғылым комитетімен коронавирус жағдайы туралы есепті тыңдау үшін видеоконференция өткізіп жатыр. Карантин 26 сәуірде тағы 15 күнге созылуы мүмкін. Еске салайық, елде 205 000 коронавирус жағдайы тіркелді. Осылайша, Испания Италиядан «асып түсіп», ауру жұқтырғандар саны бойынша әлемде екінші орында тұр.