Өткен аптада Шығыс Қазақстан облысы әкімінен басталған жақсы үрдіс бұл аптада Ақмола облысымен жалғасты. Жақсы үрдіс демеске болмас. Себебі, Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Астанада апта сайын өтіп отыратын бұл баспасөз мәслихаты облыс әкімдерінің ел алдында есеп беруінен кем түспеді. Мәселен, әкімдер республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының алдында өз өңірінің өзекті мәселелерін сөз етіп, жеткен жетістігін жариялайды. Журналистер тарапынан туындаған сұрақтарға жауап береді.
Өткен аптада Шығыс Қазақстан облысы әкімінен басталған жақсы үрдіс бұл аптада Ақмола облысымен жалғасты. Жақсы үрдіс демеске болмас. Себебі, Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Астанада апта сайын өтіп отыратын бұл баспасөз мәслихаты облыс әкімдерінің ел алдында есеп беруінен кем түспеді. Мәселен, әкімдер республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының алдында өз өңірінің өзекті мәселелерін сөз етіп, жеткен жетістігін жариялайды. Журналистер тарапынан туындаған сұрақтарға жауап береді.
Орталық коммуникациялар қызметінің кешегі кезекті баспасөз мәслихатына Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметов келді. Өткен аптадағы үрдіспен бұл жолы да журналистер брифинг басталмас бұрын «Қазмедиа» орталығында ұйымдастырылған аталған облыстың көрмесімен танысып шықты. Сонан соң, әкім Қ.Аймұхаметовтің баяндамасы тыңдалды. Жиырма минуттық баяндамада Ақмола облысында Елбасының тапсырмасына сәйкес жүргізіліп жатқан жұмыстар, жалпы өңірдің тыныс-тіршілігі егжей-тегжейлі айтылды. Облыста жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы, оның ішінде үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында қолға алынған жобалар жайы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының барысы, ауылшаруашылық саласының жетістіктері, облыстық әлеуметтік салалар бойынша көрсеткіштер тілге тиек болды. Газетіміздің осы нөмірінде Қ.Аймұхаметовтің мақаласы қоса жарияланып отырғанын ескере келе, біз әкімнің баяндамасына егжей-тегжейлі тоқталмай-ақ, баспасөз мәслихатының екінші – сұрақ-жауап бөлімінде айтылған мәселелерге басымдық бергенді жөн көрдік.
Ақмола облысы Астана маңын жағалай орналасқандықтан бұл облысқа қойылатын жауапкершілік жүгі де айрықша екені рас. Ал елордаға іргелес ауылдардың талап-тілегі де басқа ауылдарға қарағанда жоғары болса керек. Сондай-ақ, бұл облыста Астанамен қатар қанат жайып, кеңейіп келе жатқан ауылдар қатары көп болғандықтан онда түйткілді мәселелердің де баршылық екені шындық. Осыдан болар баспасөз мәслихатында журналистердің сұрағы көп болды. Бірақ «сынаққа» сақадай сайланып келген әкім сүріне қоймады. Мемлекетіміз халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға басымдық беріп жатқанын алға тарта отырып, туындаған мәселелердің мәнісін түсіндіріп беруге тырысты.
Алғашқы сұрақ Астанаға жақын орналасқан ауылдардың инфрақұрылымына қатысты болды. Журналист ең бастысы – ауыз су, жарық, жол сияқты өмірлік маңызы бар инфрақұрылымдардың бүгінгі ахуалына алаңдаушылық білдірді. Әкім бұл проблемаларды шешу жолдары облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі кешенді жоспарына енгенін айтып, дәл қазіргі күні қатты алаңдайтындай мәселе жоқ деп басу айтты. Ауылдарға жеке-жеке тоқталып, онда атқарылып жатқан жұмыстарды дәйекті сандар келтіре отырып баяндады. Мәселен, Талапкер, Қоянды, 96-шы разъезд сияқты ауылдарға, бүгінде республикалық бюджеттен ақша бөлініп, жөндеу басталып та кеткен. Қосшының да жол жөндеу жұмыстары қолға алынды дейді әкім. Жол мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. 2015 жылға дейін біраз елді мекеннің жолдары жақсармақ. Ал «Қосшыда ыстық су неге жоқ?» деген сауалға әкім «біз басынан-ақ, ол жақта ыстық су болады деп уәде бергеніміз жоқ, себебі, онда жылыту қазандығы қыста ғана жұмыс істейді, ал қысы-жазы ыстық су беру үшін онда ЖЭО болуы керек», деп жауап берді. Ал Степногор қаласына қарасты елді мекендерде су мәселесі биыл толықтай шешімін таппақ. Қараөткел ауылы екіге бөлініпті, жартысы Ақмола облысына қараса, енді жартысы Астанада екен, осыған байланысты қиындық туындап жатыр деп суыртпақтаған журналиске әкім «Қараөткел қашаннан біздің Ақмола облысына қарасты ауыл, ешқашан ауыл ішінде шекара болған жоқ» деп кесіп айтты. Енді бір сауал «Астанаға іргелес отырған Лесная поляна елді мекенін Астанағ