14 Қыркүйек, 2013

Үздіктер қатарындағы университет

300 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлемнің 17 мың университеттерінің арасынан үздік университеттерді анықтайтын QS World University Rankings агенттігінің 2013/2014 жылғы рейтингінде қазақстандық жоғары оқу орындарының көшбасшысы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 66 сатыға көтеріліп 303-орынды иеленді. Бұл жоғары оқу орны байқауға 2009 жылдан бастап қа­тысып келеді. Содан бері университет екі жыл қата­рынан әлемнің ең үздік жоға­ры оқу орындарының арасынан кө­рі­нуде.

Осы QS World Univer­sity Rankings агенттігі универ­си­теттердің рейтингтерін анықтау барысында жұмыс берушілердің пікірлері, қызметкерлер мен білім алушылардың ғылыми еңбектеріне сілтеме жасау көрсеткіштері, университетте жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы деңгейі ескеріледі. Сонымен қатар, профессор-оқытушылар құрамының студенттер санына қатынасы деңгейі, басқа елдерден келген оқытушылар мен студенттер үлесі де бағаланады.

Қазақстанның жетекші жо­ға­ры оқу орындарының бірі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университеті білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнін­де­гі Тәуелсіз қазақстандық агент­тігінің (IQAA-НКАОКО) ұлттық рейтингіне сәйкес 1-орынды екі жыл қатарынан иеленді. Ғылыми-зерттеу институттарын, ғылыми орталықтар мен зертханаларды, біліктілікті жетілдіру институттары мен түрлі мемлекеттердің мәдени білім беру орталықтарын қамтыған оқу орны Президенттің «Алтын сапа» сыйлығын «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымы бойынша алған болатын.

Қазір университет 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеу барысында өз міндетін анықтады. Елдің индустриялық-инновациялық дамуына үлес қоссақ деген ниетпен «жасыл технология» немесе баламалы энергетиканы дамытуға арналған ғылыми зерттеулерге көңіл бөлуде. Күннен алатын электр энергиясы генерациясын жүзеге асыру жобасын Германия компанияларымен бірлесіп жасап жатыр.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар