«Көк тудың желбірегені, Қазақтың асқақ беделі» деп басталған ән полиция қызметкерлерінің күзеттегі бақылау-өткізу пункттерінен, операцияларды басқару орталығынан, патрульдерден және басқа учаскелерден шартарапқа тарады. Режімнің қауырттығына қарамастан, тәртіп сақшылары жұмыс уақытында шығармашылық құлшыныспен ән орындап, тұрғындардың ықыласына бөленді.
Алматы полиция басқармасы бастығының орынбасары полковник Абдуали Нашарбеков полиция қызметкерлерінің ән салуын қиын сәтте отандастарға қолдау көрсетумен қатар көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, осы ән арқылы патриотизм мен отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруды мақсат еттік, деген пікірімен бөлісті. Қазіргі кезде карантинді аймақтарға бес мыңнан астам тәртіп сақшылары жұмылдырылған.
АЛМАТЫ