14 Қыркүйек, 2013

Алқабы алтын, ақ таңы жарқын Ақмола

261 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Ақмола облысы – Астананы жағалай орна­ласқан. Тіпті, көпшілігі бұл аймақты «аста­на­лық» деп те атайды. Сондықтан өңір үшін жүк­теліп отырған жүк ауыр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арна­ған Жолдауында Астананың азық-түлік белдеуін қалыптастыруды тапсырды. Бұл жауапкершілікті ақмолалық ауылшаруашылық қызметкерлері де молынан сезініп отыр. Бірінші кезекте, таңмен таласа тұрып, танап төсінде тынбай еңбек еткен диқандар қауымының еңбегін атап өткен жөн. Несібесін жерден терген ағайын үшін қазір қауырт шақ. Ылғал жылдағы нормадан анағұрлым артық түсті. Сондықтан орақ науқаны да сәл кешірек басталды.

Брифинг слайды 10

 

АСТАНАЛЫҚ ОБЛЫСТЫҢ АСҚАРАЛЫ МІНДЕТТЕРІ

аким-1Қосман АЙТМҰХАМЕТОВ,

Ақмола облысының әкімі.

 

Ақмола облысы – Астананы жағалай орна­ласқан. Тіпті, көпшілігі бұл аймақты «аста­на­лық» деп те атайды. Сондықтан өңір үшін жүк­теліп отырған жүк ауыр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арна­ған Жолдауында Астананың азық-түлік белдеуін қалыптастыруды тапсырды. Бұл жауапкершілікті ақмолалық ауылшаруашылық қызметкерлері де молынан сезініп отыр. Бірінші кезекте, таңмен таласа тұрып, танап төсінде тынбай еңбек еткен диқандар қауымының еңбегін атап өткен жөн. Несібесін жерден терген ағайын үшін қазір қауырт шақ. Ылғал жылдағы нормадан анағұрлым артық түсті. Сондықтан орақ науқаны да сәл кешірек басталды.

Жалпы, биыл Ақмола облысындағы 4 мил­лион 700 мың гектар егістік алқабына дәнді да­қыл­дар егілді. Оның 4 миллион 248 мың гектары бидай болса, 380 мың гектар алқапқа арпа егілді. Сондай-ақ, өсімдік шаруашылығын әрта­рап­тандыруға үлкен мән беріліп отыр. Осылайша, майлы дақылдар көлемі ұлғайтылып, 251 мың гектарға жетті. Бұл аграрлық саланың бәсекеге қабілеттілігін арттырмақ.

Мал шаруашылығын дамыту да басты назарда. Өйткені, облыс алдына 2018 жылдан бастап ет экспортын ұлғайту мақсаты қойылған. Осы бағытта қазір мал басын асылдандыруға ерекше мән беріліп отыр. Шетелдерден 12 400 бас өнімділігі жоғары ірі қара мал басы жеткізілді. Заман талабына сай бордақылау алаңдары салынып, қоректілік қасиеті жоғары жем-шөп әзірленуде. Арнайы мамандар даярланып, тың технологияның тетіктерін меңгеруде. Қазіргі күні ауыл шаруашылығы саласында сүтті сиырлардың саны артып келеді. Барлық дерлік аудандарда сүт зауыттары мен қабылдау қосындары бар. Кейбіреулерінде оның құрылысы жүргізіліп жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, бүгінде облыста 136,3 бас жылқы, 386,2 бас ірі қара және 600 мыңнан астам қой-ешкі бар. Жыл басынан бері 50 мың тонна ет өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 110 пайызға артық.

Сонымен бірге, 3 миллион 400 мың құс бар, 351 миллион дана жұмыртқа өндірілді.

Жалпы сомасы 665 миллиард теңге тұратын 46 жоба Ақмола облысының индустрияландыру картасына енген. Оның аясында 29 мың тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. 26 жоба ауыл шаруашылығы саласын дамыту мен ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге бағытталған. Құрылыс индустриясы бағытында 8 және 11 жоба өнеркәсіп саласын жетілдіруге бағытталған. Индустрияландыру картасы аясынан туризм саласы да ұмыт қалмаған.

Бүгінгі таңда жалпы сомасы 99 миллиард 25 миллион теңгенің 33 жобасы жүзеге асырылды. Осының арқасында 5 мыңға жуық ақмолалық екі қолға бір күрек тапты. Елімізде теңдесі жоқ «ENKI» кірпіш зауыты, өңірдің өндірістік күретамыры саналатын Степногор қаласында «Арыстан» құбыр зауыты, ауыл шаруашылығы үшін тыңайтқыштар өндіретін «Астана Нан Chemicals», «Қазақстан жылыжай технологиялары», Шортанды ауданында «Төңкеріс» астық қабылдау қосыны мен «Даржан-Груп» сияқты заман талабына сай кәсіпорындар пайдалануға берілді.

Сонымен бірге, индустрияландыру картасы шеңберінде «Новопэк», «Көкшетау минералды сулары», «Agrimer Astyk» және Зеренді ауданындағы «Milk Projekt» сүт зауыты кәсіпорындарының өндірістік қуаты анағұрлым арта түсті. Биылдың өзінде 9 жоба іске қосылады деп көзделіп отыр. Оның жалпы құны 73,6 миллиард теңге.

Облыс орталығы Көкшетау қаласы алдағы 3-4 жылдың ішінде жаңа келбетке ие болмақ. Басты жетістік келесі жылы жылу электр орталығының құрылысы басталады деп күтілуде. Мемлекет жеке меншік әріптестігі негізінде салынатын жобаның жалпы құны 112 миллиард теңге.

Облыс жұртшыл ығын қуантып отырған тағы бір жағымды жаңалық – газ құбырын тарту. Бұл жобаның құжаттары да қазір тиісті орындарда қаралып жатыр. Көгілдір отын жеткізу жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ. Бірінші кезекте облыс орталығы, «Щучье-Бурабай» курортты аймағы мен Астана маңындағы елді мекен­дерге газ жеткізіледі. Ал кейін Бұланды, Ақкөл және Шортанды аудандарының тұрғындары мемлекеттік жобаның қызығын көрмек.

Өткен жылы облыс бойынша 249 мың 500 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал үстіміздегі жылы бұл көрсеткіш 106 пайызға артық орындалады деп жоспарланып отыр. Тек, 8 ай бедерінде 886 пәтер қолданысқа берілді. Сондай-ақ, 2 қала мен 17 ауданда 724 жеке тұрғын үйлер салынған. Биыл облыс орталығында жаңа шағын ауданның құрылысы басталатын болады. Осы жердегі тозығы жеткен жеке үйлер сатып алынып, оның орны тазартылды. Жалпы, бұл жерде 2 мың шаршы метр баспана салу көзделген. Жоба жүзеге асқан күнде 3 мыңнан аса тұрғын баспанамен қамтылады.

Моноқалаларды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға облыс бойынша Степногор қаласы еніп отыр. Ағымдағы жылы бюджеттік және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 2 миллиард 900 миллион теңге қаржы жұмсалмақ. Облыстық бюджеттен қарастырылған 585 миллион теңгеге бірнеше нысанның жобалық сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Сонымен бірге, жол құрылысы мен су құбырларын жаңарту жұмыстары басталды.

Республика қазынасынан қарастырылған 2 миллиард 280 миллион теңгеге Сілеті су қой­масының магистральдық желісі, Степногор және оған қарасты елді мекендердің су жүйесін жаң­ғыр­ту мен автомобиль жолдарын қалыпқа келтіру көзделген.

Бұл мәселе Елбасымыз Нұрсұлтан Назар­баев­тың жіті бақылауында. Талай ақынның жырына арқау болған тылсым табиғатты Көкше жерінде туризмнің барлық саласын дамытуға мүмкіндік бар. Ақ балтырлы ақ қайыңы, басы бұлт тіреген сұңғақ бойлы қарағайы, бал бұлақтары мен өзен-көлдері көрген көздің жауын алады. Бүгінгі таңда Ақмола облысында туристік бизнес саласында 743 кәсіпорын тіркелген. Оның 261-і курорттық шипажайлар мен қонақүй кешендері. 2012 жылы аталмыш саладан облыс бюджетіне 735 миллион теңге салық түскен, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 7 пайызға артық.

Туризм саласын дамытуға мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Мәселен, қазір Елбасының тапсырмасымен «Щучье-Бурабай» курортты аймағын дамытудың мемлекеттік бағ­дарламасы жүзеге асырылуда. Ол 2012-2013 жыл­дарға арналған. Бұл жұмыстарға республика және облыс қазынасынан 11 миллиард теңге жұм­­сал­мақ.

Қазіргі таңда елді мекендерді абаттандыру, нақтырақ айтсақ, жол жүйесі мен инженерлік инфрақұрылымдарды жетілдіру бағытында нақты жұмыстар қолға алынды. Шортан және Бурабай көлдерінің жағажайларын абаттандыру, туристік маршруттарды анықтау бойынша жоспар іске асты. Өткен жылы әлемдік дәрежедегі «Rixos lake Burabai» заманауи қонақүй кешені пайдалануға берілді. Көкшетауда халықаралық талаптарға сай келетін әуежай құрылысы аяқталды. Бұл туристер легінің одан әрі артуына сеп болмақ.

Туризм десе, бірінші кезекте тұма табиғатты, жер жәннатына баланған Бурабай өлкесі көзге елестейді. Алайда, Ақмола облысында Табиғат-ананың тарту еткен таңғажайып өлкелері жетерлік. «Бурабай», «Көкшетау», «Бұйратау» ұлттық табиғи парктері, сондай-ақ, ЮНЕСКО табиғи мұра қорының тізіміне енген Қорғалжын қорығы да облыс аумағынан орын тепкен. Зерлі Зеренді, сырлы Сандықтау, бұланы мен бұғысы ойнақтаған Ақкөл-Бұланды, тарихи орда Ерейментау алдағы уақытта туристер қызығушылығын арттыра түспек. Бүгінде осы өлкелер бойынша арнайы бағдарлама әзірленді.

Елбасының тапсырмасымен қолға алынған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының арқасында жұмыссыздар саны 5,2 пайызға дейін қысқарды. Тек соңғы 3 жылдың өзінде облыс бойынша 33 400 жаңа жұмыс орны ашылды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 8,3 миллиард теңге бөлінді. 3 мыңнан астам ақмолалық қайта даярлау курстарында біліктілігін жетілдірді.

Жеке бизнеспен айналысамын деушілерге шағын несие алуға мүмкіндік бар. Олар мал шаруа­шылығы, өсімдік, автожуу, жанар-жағар май бекеттерін ашу, сән салондары, наубайханалар мен монша кешендерін ашуға ниетті. Кәсіпкерлік негіздері бойынша 529 адам білім алып, 452 ақмолалық жалпы сомасы 1,1 миллиард теңгенің несиесін алды. Мемлекеттік бағдарлама тұрғындардың әл-ауқатын анағұрлым арттырды десем қателеспеймін.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы Ақмола облысында кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді әдісі болды. Бағдарлама аясындағы мемлекеттік қолдаудың арқасында 3 м

Соңғы жаңалықтар