Руханият • 24 Сәуір, 2020

Перзенттік парыз, азаматтық белсенділік

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан өңірінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы Жарлығынан кейін ерікті әскери жасақта қызмет еткісі келетіндер қатары көп болды. Ол заңды да. Еліміздің қауіпсіздігі, болашағы үшін мұндай кезеңде әркімнің азаматтық белсенділігі маңызды, перзенттік парызы міндетті.

Перзенттік парыз, азаматтық белсенділік

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев­тің қаулысына сәйкес, өңір­де елі­міз­дің Қарулы Күш­те­рінің аума­қ­тық әскерін жасақтауға 230 аза­мат шақырылған. Оның ішінде облыс орталығы Түркістан қала­сын­­дағы 50 сарбаздан тұратын әс­ке­­ри­лер жасағын қала әкімі Ра­шид Аюпов басқарады. Облыста барлық әскери құрылым  төтенше жағдаймен күресуге жұмылдырылған. Десек те қауіпті кезеңде әлі де қосымша күш керек. Негізгі мақсаты халықтың қа­уіп­сіздігі мен денсаулығын қор­ғау және қамтамасыз ету болып табылатын әскери жасақ қата­рына ең үздіктер таңдалған. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев сын сағатта арнайы жиынға шақы­­рыл­ған азаматтарға сәттілік тіледі. Осылайша көшелерде жаяу бақылау жүргізуге және облыс аумағында қойылған блок-бекеттерде қызмет атқарып, зарарсыздандыру жұмыстарына қатысатын арнайы жасақталған сарбаздар іске кірісті. Жиын­ға шақырылғандардың жұ­мыс орындары сақталады. Жала­қы­лары бойынша да олар ұтыл­май­ды. Басқа өңірге емес, әркім өздерінің тұрғылықты аумақ­та­рында жұмыс істеп, жалақы алады. Күнделікті жұмысқа барып, кешкісін отбасына оралады. Яғни, әскери жиынға шақы­рыла­тын­дарға жағдай жасалған.

 

Түркістан облысы