Өзінің ширек ғасырлық ғұмырының – бес жылын қазақстандық ЦентрКредит банкі оңтүстіккореялық КВ Kookmin Bankпен берік әріптестік жағдайында өткізіп келеді. Стратегиялық әріптес БЦК акционерлерінің құрамына өте бір күрделі кезеңде келді: бұл әлемдік қаржы дағдарысы «дауылының» асқынып тұрған кезі еді, ол кейіннен жаһандық экономикалық дағдарысқа ұласты. Иә, уақыт өте күрделі болатын, дегенмен әріптестер ұзақ мерзімге арналған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және бірігіп жемісті жұмыс істеуге дайын еді. Kookmin Bank әлемдік дағдарыстың өте бір күрделі кезеңінен өтіп, БЦК құрамынан берік орын алып қана қойған жоқ (бұл туралы кейбір «сарапшылар» айтқан болатын), сонымен бірге, акционерлік капиталға өзінің қатысу дәрежесін арттырды: 2008 жылы сатып алынған акциялар пакеті екі жыл өткеннен кейін БЦК АҚ акциялары 30,55 пайыздан 41,9 пайызға дейін көбейтілді.

МЕРЕЙТОЙ
Kookmin Bank қазақстандық банк «ЦентрКредит Банкін» Орталық Азия және Ресей аумағындағы өзінің төтенше өкілі ретінде есептейді
Өзінің ширек ғасырлық ғұмырының – бес жылын қазақстандық ЦентрКредит банкі оңтүстіккореялық КВ Kookmin Bankпен берік әріптестік жағдайында өткізіп келеді. Стратегиялық әріптес БЦК акционерлерінің құрамына өте бір күрделі кезеңде келді: бұл әлемдік қаржы дағдарысы «дауылының» асқынып тұрған кезі еді, ол кейіннен жаһандық экономикалық дағдарысқа ұласты. Иә, уақыт өте күрделі болатын, дегенмен әріптестер ұзақ мерзімге арналған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және бірігіп жемісті жұмыс істеуге дайын еді. Kookmin Bank әлемдік дағдарыстың өте бір күрделі кезеңінен өтіп, БЦК құрамынан берік орын алып қана қойған жоқ (бұл туралы кейбір «сарапшылар» айтқан болатын), сонымен бірге, акционерлік капиталға өзінің қатысу дәрежесін арттырды: 2008 жылы сатып алынған акциялар пакеті екі жыл өткеннен кейін БЦК АҚ акциялары 30,55 пайыздан 41,9 пайызға дейін көбейтілді. Жаңа акционерлердің қолдауын барынша сезінген БЦК дағдарыс кезеңінде және дағдарыстан кейінгі кезеңде тәуекелдерге қарсы тұрып қана қойған жоқ, сонымен бірге, ұлттық банк рейтингілерінде бірнеше сатыға көтеріліп үлгерді. Бұл ретте, банктің «Құндылықтарды байыта отырып» атты ұранды басшылыққа алуы тегін емес. Әңгіме өзара тең әріптестік құндылықтары, бизнес құндылықтары, дәстүр сабақтастығының құндылықтары болып отыр.
Банктер басқа елдерге мемлекетаралық саяси және достық қатынастар дамыған кезде өздерінің кәсіпкерлерімен және клиенттерімен жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалып тиімді инвестициялық ахуал қалыптасқан кезде ғана барады. Осы тұрғыдан келгенде Kookmin Bankтің бұл қадамының жетістігі жоғары болды: 2010 жылы екі елдің дипломатиялық қатынастарының қалыптасқанына 21 жыл толды.
– 2012 жылы Қазақстан және Корей мемлекеттерінің президенттері ресми сапарларымен алмасты. Тек соңғы 5 жыл ішінде ғана екі елдің көшбасшылары 5 кездесу өткізді. Міне, нақ осындай жоғары дәрежедегі белсенді диалогтар екі мемлекеттің әртүрлі салаларындағы экономикалық байланыстың дамуына игі ықпал еткендігі сөзсіз, – деп атап көрсетті КВ Kookmin Bank басқармасының төрағасы Ли Кон Хо.
– Сонымен бірге, корейлердің Қазақстанды мекен еткен 75 жыл ішінде корей халқының үш буынының өкілдері қалыптасты. Олар өздерінің салт-дәстүрлерін сақтап қана қоймай, қазақстандық қоғамға үндестікпен қосылды. Кейбір ретте, Қазақстандағы корейлер диаспорасын «төртінші жүз» деп те атайды, яғни олар аяғында нық тұр, жоғары беделге ие және республикада өздерінің лайықты орындарын алған.
Бұл орайда елеулі экономикалық жағдайлар да бар: соңғы екі онжылдық ішінде Оңтүстік Кореяның тікелей инвестициясы 4 миллиард доллардан асты. 2006 жылдан бері корейлік инвестициялардың басым бөлігі инфрақұрылым, өндіріс және жоғары технология салаларының үлесіне тиеді. Мәселен, қазіргі кезде республикада оңтүстіккореялық капиталдың қатысуымен 800-ге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың қатарында LG International және LG Electronics; Samsung; SK Corporation; «ЭнТи-Си»; «Ритекс»; Ssangyong Kia және Hyundai автокөлік компаниялары. Бұлар автокөліктер құрастыру зауыттарын салды. Korea Electric Power Corp ұлттық энергетикалық компаниясы электр тарату желілерін салуға және электр стансаларын жарақтандыруға көмектеседі. Dongil Highvill, Hanjin, Sung Won Yurim Қазақстанда тұрғын үй құрылысын жүргізеді. Сонымен бірге, Қазақстанда «Ханхва секьюритиз», «Хендэ секьюритиз», Daewoo Capital компаниялары бағалы қағаздармен белсенді жұмыс жасауда. Корей бизнесінің қатысуымен ірі жобалар жүзеге асырылуда. Бұл ретте, ADA Oil LLP мұнай компаниясы, Koream National Oil Corporation мемлекеттік оңтүстіккореялық консорциумының жобаларын ерекше атап өтуге болады. Мәселен, компания «ҚазМұнайгаз» ҰК» АҚ-пен әріптестік шеңберінде Каспий теңізінің оңтүстік бөлігіндегі Жамбыл кен орнын игеруде. Бұл кеніштегі мұнай қоры миллиард баррель деп болжануда. Корейлік және қазақстандық компаниялардың консорциумы жалпы құны 4 миллиард доллар болатын мұнай-химия кешенінің құрылысын «жасыл» көмірмен жұмыс істейтін Балқаш жылу электр стансасының құрылысын салуда. Сондай-ақ, ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республикада жалпы құны 8 миллиардтан 9 миллиард доллар болатын бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Сөйтіп, Оңтүстік Корея өзінің озық технологияларымен «Қазақстан-2030» және «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламаларының әлеуметтік-экономикалық салаларын дамытуға өлшеусіз үлес қосуда.
Міне, кореялық бизнестің республикадағы осындай белсенділігі, оның Қазақстан экономикасындағы алатын орны корейлік КВ Kookmin Bank банкінің Қазақстанның қаржы рыногына кіруіне себеп болды. Міне, енді, 5 жыл мерзім өткеннен кейін бұл жобаның банк секторындағы бірлескен жобалар ішіндегі ең елеулі де табысты жоба болғандығын атап айтуға болады. Әріптестердің айтуынша, бірінші бесжылдық жеңіл болған жоқ, алайда оның жемісі мәуелі болды.
– Осы уақыт ішінде КВ Kookmin Bankке әртүрлі қызмет саласының шешуші өкілеттіктері берілді, – деп атап көрсетеді КВ Kookmin Bank басқармасының төрағасы Ли Кон Хо. БЦК құрамына банк топ менеджерлері дәрежесіндегі белсенді қызметкерлер жіберілді, банк қызметкерлері үшін және лауазымды тұлғалар үшін оқу бағдарламалары жүзеге асырылды. Сөйтіп, Kookmin Bank екі банк арасындағы әріптестік қатынастардың дамуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. КВ-мен әріптестіктің арқасында БЦК бүгінде – бизнесті дамытудың және қоржындарды сапалы басқарудың оңтайлы жүйесі жасалынған клиенттерді қорғаудың және қаржылық қауіптердің алдын алу мақсатында ішкі күшті бақылау жүйесі бар банк ретінде танылды. Қоржын құрылымдарын жақсарту мақсатындағы шығындар қысқартылған, активтердің, қызмет көрсету сервистерінің, өнімдердің сапасын арттыру жөніндегі жұмыс жүйеленген. Міне, осының бәрі «бүгінгі БЦК-ны» басқалардан ерекше дараландырып тұрады.
Әріптестердің айтуынша, дағдарыс толықтай аяқталған жоқ, рынок әлі де бұрынғы айналым көлеміне және бұрынғы белсенділігіне жеткен жоқ. Алдағы жұмыс ауқымы үлкен.
– Өкінішке қарай, әзірге рынок Банктің қайта құрылымын толық дәрежесінде бағалай алмайды, – дейді Ли Кон Хо мырза. – Соның салдарынан әзірге банк инвесторлар үшін жоғары инвестициялық тартымдылыққа ие бола алмай отыр. Бұл ретте менің айтайын дегенім, акциялардың және басқа да бағалы қағаздардың құны өспей отыр, қор рыноктарында белсенділік жоқ. Оған қоса, әлемдік қаржы дағдарысы да өзінің салқынын тигізді. Сондықтан БЦК және КВ арасындағы жемісті ынтымақтастық байланыстарға қарамастан қоржындар сапасын арттыруда елеулі мәселелер бар. Дегенмен, Қазақстандағы бизнес ортасындағы күрделі жағдайларға қарамастан БЦК командасында қалыптасқан жігерлілік пен топтасқандық алдағы уақытта өзінің жемісін береді. Kookmin Bank БЦК-ны қолдау жолында өзінің күш-жігері мен мүмкіндіктерін аямайды. Корейлік қаржы ұйымының БЦК-ға салған инвестициясы – Корей қаржы секторының тарихындағы ең ірі инвестиция болып табылады. Сондықтан біз осындай ауқымдағы келісімдердің таяу уақытта өз жемісін беретіндігіне сенімдіміз. Ол ол ма, біз Орталық Азия және Ре сей алаңдарында БЦК-ның Kookmin Bankін алмастырушы банк болатындығына сенімдіміз. Сөзімнің қорытындысында банктің барлық қызметкерлерін және топ менеджментін банк тарихындағы аса зор тарихи оқиға – жиырма бес жылдық мерейтойымен құттықтаймын.
БІЗДІҢ АНЫҚТАМА
КВ Kookmin Bank Корея Республикасындағы ең ірі банктердің бірі болып саналады. 2013 жылдың тамыз айының соңында халықаралық рейтингтік агенттік үштігінің мәліметі бойынша оның рейтингі мынандай болды: Standard & Poor’s – «А»; Moody’s – «А1»; Fitch – «А»;. The Banker (2012 ж. шілде) мәліметіне қарасақ әлемдегі 1000 банк рейтингінде КВ Kookmin Bank 72-ші орынды иеленеді. КВ Kookmin Bank – корпоративтік бизнес, шағын және орта бизнес пен жеке тұлғалар рыногында көшбасшы болып табылады. 2012 жылдың соңында банк активі 243 миллиард долларды құрады. Клиенттік база көлемі 2013 жылғы маусымда 30 миллион клиентке тең болды. Кореяның қаржылық бақылау қызметінің деректеріне сүйенсек, 2012 жылдың соңында КВ Kookmin Bank өзінің серіктестері мен филиалдарының жүйесі арқылы әлемнің 10 мемлекетінде бөлімшелері мен офистерін ашқан. Оның ішінде Қазақстан, Вьетнам, Жапония, ҚХР бар.
Владислав ЛИ: КАДР. ТӘЖІРИБЕ. БЕДЕЛ – БАНКТІҢ ҚҰНСЫЗДАНБАЙТЫН ҚЫМБАТ ҚАЗЫНАСЫ
ЦентрКредит Банкі өзінің ширек ғасырлық мерейлі мерекесін атап өтеді
Әрбір кезеңнің өзіне тән қайталанбас ерекшеліктері болатыны белгілі. 1998 жылы 100 мың кеңестік рубльге 20 «Жигули» автокөлігін сатып алуға немесе жеке-меншік банк құруға болатын еді. Әрине, ол үшін ерекше батылдық, шын тәуекелшілдік қажет. Тіпті, жүрегінің түгі бар батырлар үшін де бұл барынша тәуекелді қажет ететін батылдық еді. Темірдей тәртібі дәуірлеп тұрған Кеңес Одағында жекеменшік ұғымы қалыптаспаған, ал қандай да бір кәсіпкерлікпен айналысу заң жүзінде бірнеше қылмыстық баптармен жазаланатын. Міне, осындай жағдайда тақыр жерден жай ғана кооператив емес, бүтін бір жекеменшік банк құру көзсіз ерлікпен пара-пар еді. Экономикалық және антагонистік қатынастар тайталасқа түскен, екі жүйе бірін-бірі мойындамай күресіп жатқан кезде, Қазақ КСР-інде алғаш рет Алматы Орталық кооперативтік банкі құрылған еді. Бұл сол бір шиеленісті кезеңде іргетасы қаланған бүгінгі «ЦентрКредит Банкі» акционерлік қоғамы болатын.
Өткенге ой жүгіртсек
– Түбегейлі өзгерістер дәуірлеп тұрған сол бір кезеңде бұл аса бір қорқынышты құбылыс болған жоқ, – дейді банктің 25 жылдық мерейтойы қарсаңындағы екеуара әңгімеміздің кейіпкері, «ЦентрКредит Банкі» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Владислав Ли менің қобалжыған көңілімді басып. – Ол кезде елімізде кәсіпкерлік туралы идеялар кең қанат жайған болатын. Бұл науқан 1988 жылдың көктемінде қабылданған «КСРО-дағы кооперация туралы» Заңнан кейін бастау алды. Бұл өндіріс саласында кооператив құруға мүмкіндік беретін бірінші нарықтық заң болатын. Сол кезеңде Николай Рыжковтың үкіметі нарықты тауарлармен қамтамасыз ету жолында экономикада бірқатар тәжірибелер жасауға көшкен еді. Бұл заң өз кезегінде бұрын Одақ көлемінде заңсыз деп танылған кәсіпкерлік қызметті заңдастырды. Бұл құжатта көпшіліктің назарына бірден іліге қоймайтын, 2-3 жолдан тұратын тұжырым болды. Атап айтқанда, заңның кооперативтер құру туралы бөлімінде кооперативтер және олардың одағы кооперативтік банк ұйымдастыра алады деген тұжырым болды. Ақиқатын айтсақ, заңдағы осы бір елеусіз тұжырым іс жүзінде нарықтық банк қызметі жүйесінің басталуының іргетасы болды.
– Бұл елеусіз жолдардың болашағына алғаш рет баса назар аударғандар кімдер еді?
– Заңдағы осы тұжырымның тұңғиығын алғаш түсінген Бақыт Байсейітов еді. Ол осы идеяны жүзеге асыруға бар болмысымен ден қойып, кооперативтік банк құру қажеттігі жөнінде біздің барлығымызға жан-жақты түсінік беретін. Іс жүзінде бұл ме