Үкімет • 24 Сәуір, 2020

Асқар Мамин қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Асқар Мамин қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

«Қазақстанның мұсылмандар қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын. Бұл – адамның кіршіксіз таза ниеті мен ізгілікті істері үшін Жаратушының шексіз рақымына бөленетін, ал Ораза ұстап, ауыз бекіту сенімі мен рухын нығайтып, сабыры мен ерік-жігерін дамытатын рухани кемелдену кезеңі.

Рамазан мұсылмандарды ғана емес, біздің еліміздегі өзге дін өкілдерін де біріктіретін мейірім мен қайырымдылық, жомарттық сияқты шынайы адамгершілік қасиеттерді толық тануға жол ашады.

Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, қажымас жігер мен жақсылыққа деген сенім, бейбітшілік пен амандық тілеймін» деді ол.