Спорт • 24 Сәуір, 2020

Бундеслига ойындары көрерменсіз өтеді

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавируске байланысты кейінге шегерілген футболдан Германия чемпионаты мамыр айында қайта жалғасуы мүмкін.

Бундеслига ойындары көрерменсіз өтеді

Неміс бундеслигасының басшылары осындай шешім қабылдап отыр. Егер жергілікті билік олардың бұл ұсынысын қолдаса, онда жарыс жалғасатын болады. Бірақ алдағы матчтардың барлығы да көрерменсіз өтеді.  Сол кездері стадионға ары кеткенде 213 адамның ғана кіруге құқы бар. Олардың барлығы да жасыл алаңға шығатын командалардың мүшелері.

Германия бундеслигасының тоқталғанына да біраз уақыт болды. 25 кездесуден кейін әзірге «Бавария» жеке-дара көш бастап тұр. Осы күнге дейін мюнхендіктер 55 ұпай жиып үлгерді. Екінші орындағы Дортмундтың «Боруссиясының» басты қарсыласынан төрт ұпайы кем. Сондай-ақ, «Лейпциг» (50 ұпай), Менхенгладбахтың «Боруссиясы» (49 ұпай) және «Байер» (47 ұпай) сынды клубтар үздік бестіктің қатарында.