Аймақтар • 24 Сәуір, 2020

Көкшетаудың қоймалары мен сауда орындарында азық-түлік қоры жеткілікті

385 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақмолалық тауар өндірушілер карантин жағдайында да өнім өндіру көрсеткішін төмендетпей, облыс тұрғындарының қажетін толық өтеуде.

Көкшетаудың қоймалары мен сауда орындарында азық-түлік қоры жеткілікті

Жергілікті кәсіпкерлер күн сайын 300 тонна сүт өнімін, 77 тонна ірі қара мал етін, 123 тонна құс етін, 2,2 миллион дана жұмыртқа, 1000 тонна ұн және өзге де тауарлар өндіреді. Өзге облыстардан шамамен 100 тонна картоп, сәбіз бен пияз тәрізді көкөніс өнімдері тасымалданады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сұраныстың өсуі аясында мемлекеттік органдардың алдына тағамдар бағасының көтерілуіне жол бермеу жөнінде міндеттер қойылды. Бұл бағытта облыста тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қолданған шаралардың нәтижесінде кейбір азық-түлік тағамдарының бағасы төтенше жағдайға дейінгі бағамен салыстырғанда төмендеді. Облыс орталығында орналасқан «Көкше нан» және «Көкшетау нан зауыты» серіктестіктерімен келісімге қол жеткізіліп, нан бағасы 16 пайызға арзандады. «Ақсай нан-Көкшетау» серіктестігінің фирмалық сауда орындарында нан 75 теңгеден сатылуда. Біржан сал ауданында орналасқан «ҚазГерҚұс» серіктестігінен жұмыртқа тікелей тасымалданып, он жұмыртқа 267 теңгеден сатылуда. Сондай-ақ, өзге тауарлардың бағасын төмендету мәселесі қарастырылуда.

Өңірдегі көтерме сауда орындарының қоймаларындағы азық-түлік тағамдарының қорына және өзге облыстардан тасымалданатын тауарларғакүн сайын мониторинг жүргізіледі. Бүгінгі күні бұл қордағы азық-түлік 35 мың тоннаны құрайды. Тауарлар үзіліссіз сатылуда. Облыста өнім тапшылығы байқалмайды. Сондай-ақ, «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының өңірлік тұрақты қорын көбейту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні мұнда 1,8 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бар. Қосымша тағы 1 мың тонна тауар сатып алу жоспарланып отыр.