Аймақтар • 24 Сәуір, 2020

Түркістан облысында індет жұқтырған тағы 4 адам тіркелді

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі, 24 сәуір күнгі ақпаратқа сәйкес, Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 4 науқас тіркелді.

Түркістан облысында індет жұқтырған тағы 4 адам тіркелді

Төртеудің бірі Алматы облысы, Қапшағай қаласының 1974 жылы туған тұрғыны, Қызылорда қаласында жұмыс істеген. Сарыағаш ауданындағы ата-анасына 15 сәуір күні келген. Сондай-ақ Қазығұрт ауданы, Ақжар ауылының 1962 жылы туған, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ ауылының 38 жастағы, Сарыағаш ауданы, Құрама ауылының1968 жылғы тұрғынынан вирус расталды.

Аталған азаматтар коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен жақын байланыста болған. Індет жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.

Қазіргі таңда облыс бойынша 79  науқас тіркелген. Трата айтсақ, Жетісай ауданында – 20 (оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған), Арыс қаласында -  17, Кентауда - 6, Мақтааралда - 4, Ордабасы - 5,  Сайрамда - 3,  Сарыағаш ауданында - 8,  Түркістан қаласында - 6, Созақ ауданы – 5, Бәйдібек ауданында -2, Қазығұрт ауданында 3 науқас   тіркелген.