Алматы қалалық ТЖД-ның арнайы жасағы алдын ала әзірленген табиғи өрттерге қарсы тұруға жоспары бойынша жіберілді. Желді ауа райына байланысты саяжай үйлері мен алма бағына қарай таралу қаупі туындады (20 ГА).
Өрт сөндірушеліре барынша саяжай алқабын қорғауға ұмтылды. Барлық күш жұмылдырылып, өрт 16 сағат 32 минутта басылды. Бірақ, 0,8 гектар алаң өртеніп кетті. Тілсіз жауды тізгіндеуге ТЖД-нен 39 адам жеке құрам, 7 бірлік техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрттің қайта таралу қаупі жоқ.
Өрттің шығуына кінәлі адам– Бостандық ауданының тұрғыны екені анықталды. Жеке үйде тұратын 1977 жылы туған азамат тау бөктеріндегі өрттің шығуына кінәлі екені белгілі болды. Ол өз кінәсін мойындады, 23 сәуірде жеке учаскесінде қоршау орнатқанын түсіндірді. Металды кесу үшін электрлі «Болгарка» құрылғыны қолданғандықтан ұшқын құрғақ шөптерге түсіп, 0,8 га жерді жалмаған өрттің шығуына себеп болған. Алайда, оның тарапынан ешқандай шара қабылданбаған! Өрт сөндіру бөлімін басқа адамдар шақырған.
Өрт тез арада үлкен аумаққа жайылып, қатты соққан желден жоғары беткейге таралып кетеді. Көк жалынның саябақтағы үйлер мен 20 ГА аумақтағы алма бағына өту қаупі туындады. Өрт сөндірушілер өрттің таралуына жол бермей, жедел арада сөндіріп үлгерді.
ТЖ Департаментінің қызметкерлерімен кінәлі тұлға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410 бабының 1 бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуда.