Аймақтар • 24 Сәуір, 2020

Түркістан: Арыс мароккалық шегірткенің ірі ошағы ретінде аталуда

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мамыражай мамырда қанаттанып, егістік алқаптарды қаптайтын мароккалық шегірткеге қарсы күрес жылда жүргізіледі. Түркістан өңірін шырылдауықтардың айналып өтпесі анық. Бұл орайда мамандар қауіпті ошақтарды анықтап, химиялық дәрілеу шаралараны бастап та кетті.

Түркістан: Арыс мароккалық шегірткенің ірі ошағы ретінде аталуда

Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы өсімдікті қорғау бөлімінің жетекшісі Т.Елғонов Арыс қаласының 36,8 мың гектар аумағы биыл шегірткенің ең ірі ошағы ретінде анықталып отырғанын айтады. Жайылымдық жерлердегі зиянкестердің таралуының алдын алу мақсатында химиялық күрес шаралары жүргізілуде. Қазір 20 техника аумақты химиялық дәрілеуге жұмылдырылған.  Бұл жұмыстарды «Өсімдік қорғау» ЖШС-нің мамандары атқаруда.

Сондай-ақ бірнеше жыл бойы ошақтары анықталған Келес ауданында да шегірткенің қаптау мүмкіндігі үлкен. Бұл ауданда 36,5 мың гектар жерді, ал көрші Шардара ауданында 3 мың гектардан астам жерде химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілмек. Жалпы облыс бойынша 83 мың гектарды химиялық дәрілеу көзделуде.

 

Түркістан облысы