Тағайындау • 24 Сәуір, 2020

Түркістан: Департамент басшысы тағайындалды

1026 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығымен Айбек Шілманов агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып тағайындалды.

Түркістан: Департамент басшысы тағайындалды

Қарағанды қаласында дүниеге келген Айбек Ақбергенұлы Қазақ гуманитарлық заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы еліміздің Ішкі істер органдарында бастаған. Ал Мемлекеттік қызмет істері саласындағы уәкілетті орган жүйесінде 2008 жылдан бері қызмет етуде.  Ақтөбе облысында, орталық аппаратта жауапты қызметтер атқарып, тәжірибе жинақтаған А.Шілманов 2016-2018 жылдар аралығында Агенттіктің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болған.

Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

 

 

Түркістан облысы