Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Алматыда көліктерін онлайн тіркеушілер көбейді

155 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде орын алған ахуалға байланысты қоғамдағы дәстүрлі қатынастар электрондық жүйеге ауысқаны белгілі. «Азаматтарға арналған үкімет» МК ұсынылатын қызмет түрлерінің бүгінде 80% астамы электрондық форматқа көшті. Әрбір азамат өзіне қажетті құжаттарын онлайн түрде рәсімдеуге немесе жасауға толықтай мүмкіндігі бар.

Алматыда көліктерін онлайн тіркеушілер көбейді

Бүгінде өзектілігі артып келе жатқан қызмет түрінің бірі көлікті онлайн тәркеу болып отыр. «Азаматтарға арналған үкімет» МК мәліметіне сүйенсек Қазақстанда карантин кезінде egov.kz порталы арқылы 4 306 автомобиль тіркелген. Жекелей қалаларда бұл қызметті қолдану саны да артып келеді.  Оның 271-і Алматы қаласының үлесінде.

«Мамандандырылған ХҚО-лар карантинге жабылғаннан кейін қала тұрғындары 1414 орталығына да, әлеуметтік желідегі парақшаларымызға да сатып алған көлікті қалай тіркеуге болады деген сауалдарын қайған болатын. Еgov.kz (http://%D0%95gov.kz) порталында көлік құралдарын тіркеу қызметі барын айтып, енді тұрғындардың көпшілігі шаруаларын санаулы уақыттың ішінде, үйлерінде отырып-ақ бітіріп жатыр. Бұрын көбісі көлікті автоХҚО-да тіркеуді жөн көретін. Өйткені, солай қалыптасып қалды. Ал қазір уақыт басқа», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қалалық филиалының директоры Данияр Қырықбаев.

Еске сала кетсек, биылғы жылдың 26 наурызынан бастап Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен автоХҚО-дың жұмысы тоқтатылған. Ел тұрғындары мемлекеттік қызметтерді тек электрондық үкімет порталында ала алады.

Көліктерді қайта тіркеу қызметі egov.kz порталында «Көлік және коммуникациялар» бөлімінде қолжетімді. Оны онлайн режимінде алу үшін сатушы ЭЦҚ-ны пайдаланып, egov.kz порталына кіріп, сатылатын көлік туралы ақпаратты енгізіп, айыппұлдар мен салықтар бойынша берешекті тексеруге сұраныс жіберуі керек. Егер бар болса, электрондық үкімет порталы арқылы төлеп, өтінішке ЭЦҚ-мен қол қояды. Осыдан кейін сатып алушы электронды үкімет порталындағы жеке кабинетіндегі өтінішпен таныса алады, онда айыппұлдарды тексеріп болғаннан кейін мемлекеттік нөмір және техпаспорт үшін тиісті алымдар мен тіркеу жарнасын төлеуі тиіс. Сатып алушы мәмілені өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен растайды.

Кейін Алматыдағы Майлин көшесі, 85 мекен-жайындағы автоХҚО-ға тек дайын болған нөмір мен техникалық төлқұжатты алып кету үшін барады.