Әлем • 24 Сәуір, 2020

Коронавирус үлкен қалалардың «қабағын» ашты

761 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бір жамандықтың бір жақсылығы бар» дегендей жұқпалы індет салдарынан пайда болған карантиннің арқасында үлкен қалаларда ауа тазарып, бұрын-соңды болмаған экология түзеліп жатыр.

Коронавирус үлкен қалалардың «қабағын» ашты

Мысалы, Үндістанның Пунжаб штатының тұрғындары соңғы 20 жылда алғаш рет Гималайдың мұз құрсанған басын анық көрсе, Дели қаласындағы ауа ластану 60 пайызға төмендеген.  Сол сияқты, АҚШ-тың түтінді қаласы Лос-Анжелестің тұманы сейілді. Ары қарай:

Әлемдегі ең лас қала санатыдағы Непал астанасы Катмандудан Лангтанг құзары анық көрінетін болды

3

Жаңа Делидегі  «Үндістан қақпасының» көрінісі

2

Лос-Анжелестың аспаны ашылды

6

Жакартаның түтіні сейілді

2

Манила қаласының аспаны ашылды

58

Эйфель мұнарасы алыстан анық көрінетін болды

36