1983 жылы 13 сәуірде дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасының кеден органындағы қызметінде бастаған. «Нұр Отан» ХДП, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде, Президент әкімшілінде бірқатар жауапты қызметтер атқарған. Тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі аппарат басшысының орынбасары болды.
ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары ретінде заңдық, нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысады.