Уақытты тиімді пайдаланған Алатау ауданы №37 бөбекжай-балабақшасының ұжымы еріктілермен бірге жағдайы төмен отбасыларға көмектесуге шықты. Тәрбиешілер табысынан айырылған және жағдайы нашар 30 отбасына күнделікті тұтынатын азық-түлік пен қорғаныш құралдарын таратты.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялағаны мәлім. Елімізде Төтенше жағдай орын алуына байланысты Алматы қаласы Алатау ауданы КМҚК «№37 бөбекжай-балабақшасының» ұжымы қарап жата алмады. Азық-түлік қораптары мен маска сатып алып тараттық. Еліміздің басына іс түскенде қолымыздан келгенше көмек берейік, әрдайым бірге болайық деп шештік», - деді аталған балабақшаның меңгерушісі Айнұр Әлімбекова.
Жас ұрпақ тәрбиелеп жатқан мамандар Алматыдағы өзге әріптестерін де еркітілердің қатарына қосылауға шақырды.
Ал Алматы қаласында 120 мемлекеттік балабақша бар.