Аймақтар • 24 Сәуір, 2020

Түркістан: Цифрлық жүйе жемқорлықтың жолын кеседі

166 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысында тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде 37 084 азамат тіркелген болса, олардың бүгінгі күнге 1 128 тұрғын үймен қамтылған.

 

Түркістан: Цифрлық жүйе жемқорлықтың жолын кеседі

Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезегіне тіркелу халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүргізіледі. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында, кезекке қоюды автоматтандыру пилоттық жобасы Түркістан қаласында жоспарланып отыр. Жалпы өңірде мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрлық жүйеге көшіруге ерекше мән берілуде. Облыста мемлекеттік қызмет көрсету саласында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдері басым салаларына енгізілген пилоттық жобалар білім, денсаулық, жер және тұрғын үй салаларында жақсы жолға қойылған.

Ө

Мысалы, білім саласында жұмысқа қабылдау шараларын автоматтандыру қолға алынған. Барлық 902 мектепте smart.nation жүйесі ендіріліп, бос жұмыс орындарға үмітті 2 243 адам жұмысқа қабылданды. «Sanaly Urpaq» жобасы аясында емтихандар кезінде ашықтық пен жариялылық қамтамасыз етілген. Денсаулық сақтау саласында да елеулі жетістіктер бар. 40 медициналық ұйымның барлығы 100% электронды құжат айналымына өткен. 233 медициналық форманың 175 электронды денсаулық паспорты жасақталған, дәрігердің қабылдауына алдын-ала жазылу 100 % пайызға жеткізілді. Биыл 1 қаңтардан бастап медициналық құжаттаманы қағазсыз, цифрлық түрде жүргізуге көшу шаралары жүзеге асырылуда. Құрылыс саласында сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу мақсатында мемлекеттік қызметтер электронды түрде көрсетілуіне байланысты тұтынушы мен қызмет берушінің арасындағы байланыс 100% жойылған.

Цифрлық жүйенің тиімділігі мен бұл бағытта атқарылар жұмыстар облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен Түркістан облысы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның онлайн отырысында айтылды.