Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев 22 сәуірден бастап қалада коммуналдық қызмет көрсетушілерге шығындарды өтеудің бірыңғай байланыс орталығы ашылғанын атап өтті.
Алғашқы күндері call-орталықта 17 адам жұмыс істеген. Алайда қоңыраулардың көптеп түсуіне байланысты қызметкерлердің санын 40 адамға көбейту қажеттігі туындаған. Үш күн ішінде алматылықтардан 20 520 қоңырау қабылданған.
«Қазіргі уақытта 4 073 өтініш өңделіп, оның 2011-і мақұлданды. Қабылданбаған өтініштер бұл өтемақы алуға құқығы бар азаматтар санатына кірмейді. Кейбір себептермен, көптеген адамдар бұл өтемақы барлық азаматтарға тиесілі деп санайды. ҚР ИИДМ мақұлдаған әлеуметтік осал топтарға жататын адамдар ғана өтініш бере алады», - деді Әсет Масабаев.
АЛМАТЫ