Қоғам • 25 Сәуір, 2020

100 мыңнан астам алматылық коммуналдық төлемге жеңілдік алады

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда коммуналдық қызметтерге үкімет тарапынан өтелетін 15 мың теңгені алатындардың тізімі жаңартылды.

100 мыңнан астам алматылық коммуналдық төлемге жеңілдік алады

Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысы Рахат Шимашева. Онлайн брифинг барысында бұл тізімнің үшінші рет жаңартылып отырғанын жеткізді.

Егер тізімге алғашқыда 60 мың адам ілінсе, бұл жолы тізім бойынша жеңілдікке ілінгендер саны 108 500. Қазіргі кезде тізім Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасына берілді. Аталған ведомство басшысы Әсет Масабаев сәуірдің коммуналдық төлемақысы мамырда, ал мамыр айының төлемдері маусымда төленетіндігін жеткізді.

Бүгінде 60 мың адамға ақша бөлуге өтініш берілген. Алайда тізімдегілердің саны жүз мыңнан асып кеткен. Дегенмен Ә.Масабаевтың айтуынша, 100 299 адам жеңілдікті алуға құқылы. Бүгінде 2 мың ғана адам өз мәртебесін растай алған. Алматылықтар өздерінің тізімде бар-жоғын 355-19-55 нөмірі арқылы біле алады.

 

АЛМАТЫ