16 Қыркүйек, 2013

«Нұр Астана» газеті интернет-басылымға айналады

660 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 09-Нур Астана

2004 жылдың 22 наурызынан шығып келе жатқан «Нұр Астана» республикалық жастар апталық газеті өз құрылтайшысы – «Нұр медиа» ЖШС-ның шешімімен алдағы 1 қазаннан бастап интернет-басылымға айналады. Бұл туралы «Egemennews.kz» тілшісі хабарлады.

Кезінде жалпы тақырыпты қамтыған әрі еліміздің алыс аумағына дейін тараған бұл басылым соңғы уақытта өзінің негізгі бағытын жастар өміріне, соның ішінде еліміздегі жастар саясатының жүзеге асырылу барысына арнады.

Біз болып жатқан өзгерістерге орай, «Нұр Астана» газеті бас редакторының орынбасары Қуаныш Жиенбайға хабарласқанбыз. «Басылымның алдағы 1 қазанда жабылатыны шындық. Оның орнына интернет-редакция құрылатын болды. Өздеріңіз білетіндей, заман талабына сай қазір кейбір редакциялар жанынан интернет-редакция құрылып жатыр. Біз де сол талаптың үдесінен шығуға бел будық»,- деді ол.

Әмірхан Алмағанбетов.

Соңғы жаңалықтар