Аймақтар • 25 Сәуір, 2020

Түркістан: Сот қарауына 699 әкімшілік іс түскен

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда елімізде коронавирус індетіне қарсы кешенді шаралар атқарылып жатқаны белгілі. Ел азаматтарының көпшілігі түсіністік танытып, карантин талаптарын орындауда. Алайда мемлекеттік органдардың ескертулеріне назар аудармай, шектеулер мен тыйымдарды бұзып, өз дегенімен жүргісі келетіндер де аз емес.

 

Түркістан: Сот қарауына 699 әкімшілік іс түскен

Соңғы кездері талапқа атүсті қараған осындай «тәртіпсіздердің» ісі сотқа көптеп түсуде. Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, сот қарауына төтенше жағдай режимін бұзу фактілеріне қатысты 699 әкімшілік іс түскен. Оның 450-не әкімшілік айыппұл салынса, 133 адам қамауға алынған. Ал 106 іс бойынша ескерту жарияланып, 8 жағдайда іс қысқартылған.

Жалпы, құқық бұзушылық жағдайлар облыстың барлық аудан-қалаларында кездесуде. Дегенмен, соның ішінде Түркістан, Кентау қалалары мен Төлеби, Қазығұрт, Сарыағаш, Түлкібас аудандарының үлесі басым.

 

Түркістан облысы