Аймақтар • 25 Сәуір, 2020

Мұнай-химия зауытында жөндеу жұмыстары басталды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесіне сәйкес 2020 жылы «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-де  ағымдағы жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары осы жылдың 25 мамыры мен 13 маусымы аралығында жоспарланған болатын, деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» компаниясының қоғаммен байланыс департаменті.

Мұнай-химия зауытында жөндеу жұмыстары басталды

Төтенше жағдай тәртібін сақтау мақсатында «ПМХЗ» ЖШС-де жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізуін қамтамасыз ету бойынша тиісті талдау жасалды. «ПМХЗ» ЖШС қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 8 сағаттық жұмыс кестесі қолданыла отырып, жұмыстарды жүргізу кестесі мен мердігер ұйымдардың жұмыс тәртібі қайта қаралды. Бұл жөндеу жұмыстарын жүргізетін қызметкерлерге жұмыс алаңдарында, қоғамдық тамақтану орындарында және тасымалдау кезінде ыңғайлы жағдай туғызады.

Төтенше жағдайды ескеріп және жұмыс көлемін толық орындау мақсатында «ПМХЗ» ЖШС-де жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын 2020 жылғы 25 сәуірде бастау туралы шешім қабылданды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ақпаратына сәйкес Атырау және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары өз қызметін қалыпты жағдайда жалғастыруда. Қолда бар қорды қоса алғанда зауыттардың өндіріс көлемі еліміздің ішкі нарықтағы ағымдағы қажеттілігін 3 айдан астам мерзімге қамтамасыз етеді.