Аймақтар • 25 Сәуір, 2020

Түркістан: Індет жұқтырған тағы 13 адам тіркелді

623 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында 25 сәуір түске дейінгі ақпаратқа сәйкес, инфекция жұқтырған 13 азамат тіркелді.

Түркістан: Індет жұқтырған тағы 13 адам тіркелді

Індет жұқтырғандар негізінен Сарыағаш және Қазығұрт аудандарының тұрғындары. Нақтырақ айтсақ, Сарыағаш ауданы, Достық 1 ауылының 1972 жылғы, 1978 жылы туған тұрғындары мен Жартытөбе ауылдық округі, Ынтымақ ауылының 1992 жылғы,  Бостандық ауылының 1968 жылғы, Достық 2 ауылының 45 жастағы және 1973 ж., 1962 ж., 1992 жылғы, Қапланбек ауылының 1991 жылы туған азаматтарының талдамасы оң нәтиже көрсетіп, олардың COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Сондай-ақ Қазығұрт ауданы Ақжар ауылының 1995, 1997, 2016, 2018 жылы туған тұрғындарынан коронавирус расталды. Олар оқшауланған және тиісті ем қабылдауда.

Жедел ақпарат штабының мәліметінше, жалпы облыс бойынша қазіргі таңда вирус жұқтырғандар саны - 98.

 

Түркістан облысы