Аймақтар • 25 Сәуір, 2020

Шымкентте вирус жұқтырған 5 адам туралы мәлімет берілді

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вирус жұқтырған 1996, 1993, 1967 жылы туған азаматтар мен 1991,1966 жылы туған азаматшалар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. Қазіргі таңда олар карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама тапсырды.  

Шымкентте вирус жұқтырған 5 адам туралы мәлімет берілді

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Әзірге науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.     

Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

25 сәуірдегі  жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 161 адам анықталды.

 

Шымкент