Аймақтар • 25 Сәуір, 2020

Саудагерлердің қауіпсіздігі басты назарда

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 7 базар мен 2000-нан астам сауда нысандары шаһар тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етіп, карантиндік режимде жұмыс істеуде. 

Саудагерлердің қауіпсіздігі басты назарда

Сатып алушылар мен сатушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлік басқармасы тиісті сала өкілдерімен бірлесе отырып, түсіндірме, бақылау жұмыстарын жүргізіп келеді.

Қазіргі таңда супермаркет, дүкендерде күніне бірнеше реттен дезинфекциялық тазалау жұмыстары жүргізіліп, санитарлық құралдар орнатылған. Келушілерге бетперде талап етіліп, нысанға кірмес бұрын температурасы өлшеніп, антисептик құралдарын пайдалану талап етіледі.

Ал адамдар көп шоғырлануы мүмкін азық-түлік базарларына келушілердің температурасын өлшеп, арнайы ерітінділерді себетін медициналық өткелдер орнатылған және базар іші күніне екі рет дезинфекцияланады. 

Сондай-ақ, тұтынушы мен сатушы арасында байланыс болмас үшін барлық сауда нысандарында төлемдерді онлайн төлем, карточкалық қабылдау қызметтері ұсынылады.

 

Шымкент