Қоғам • 25 Сәуір, 2020

Біз біргеміз: ҚХА жаңа госпитальге 350 электрондық термометр сыйлады

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясы  «Біз біргеміз» акциясы аясында коронавирус індетімен күресіп жатқан ақ халатты абзал жандарға қолдау көрсетті.

Біз біргеміз: ҚХА жаңа госпитальге 350 электрондық термометр сыйлады

Алматы қаласындағы Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының филиалы, «Өзбек мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі және «Ильдаш» татар орталығы қысқа мерзім ішінде салынған жаңа модульдік госпитальге көмек ретінде 350 электрондық термометрді сыйға тартты.

Медициналық бұйымдарды сатып алуға «Ильдаш» татар орталығының төрайымы Нұрия Ниязова, Өзбек ұлттық этно-мәдени орталығының төрағасы Абдулла Исматуллаев, Алматы қаласы республикалық Қазақстан ұйғырларының этномәдени орталығы филиалы төрағасының орынбасары Абдулхалил қол ұшын созып, қаржылай көмек берді.

Электрондық құрылғыларды емдеу мекемесіне арнайы тапсырған белсенді азаматтар өмірлерін қауіпке тігіп, алдыңғы шепте жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлеріне алғыс айтып, Қазақстан халқы Ассамблеясы әрдайым халықпен бірге екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар