Аймақтар • 25 Сәуір, 2020

БҚО: «Жемқор қосшы үшін басшы жауап беруі тиіс»

98 реткөрсетілді

Батыс Қазақстан облысының әкімі шенеуніктерді қарамағындағы қызметкерлерінің жемқорлығы үшін жауаптылығы туралы ескертіп, бірқатар нақты тапсырма берді.

Шарада жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлық туғызатын жағдайларды жою, соның ішінде жер комиссиясы отырыстарының ашықтығы және Жер ресурстары геопорталын жетілдіру мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, бюджеттік мекеме басшыларын ротациялау, орталықтандырылған бухгалтерия, аудандық әкімдіктерде фронт-офистар – сервистік әкімдіктер ашу, «OPEN SPACE» қағидаты және аудандардағы мектептерде «Е-асхана» автоматтандырылған жүйесін енгізу мәселелері талқыланды.

Осы жиында бағынышты қызметкері сыбайлас жемқорлыққа жол берген мемлекеттік орган басшысының отставкаға кету бастамасы туралы айтылды.

- Бұл институт Елбасының бастамасымен, Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Бірінші басшының дербес жауапкершілігі – жүйелік сыбайлас жемқорлықты жоюдағы тиімді әдіс. Мұндай норманың енгізілуі сыбайлас жемқорлық фактілерін жоюға мүмкіндік беріп қоймай, оны түбірімен жоюға көмектеседі. Бұл ретте Шыңғырлау ауданының экс әкімі Ержан Тұрмағамбетовтің өз еркімен қызметтен кеткенін атап өткен жөн, - дейді Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Рустам Ақмырзаев.

Жаңа Заңға сәйкес, бірінші басшы оның тікелей бағынышты тұлғасына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуге міндетті.

Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының біріне айналды. Батыс Қазақстан облысының өзінде Агенттік бастамасымен Ақпараттық-ағартушылық штабы құрылды. «Adal komek» жобасы, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы іске асырылып жатыр.

Рустам Ақмырзаевтың айтуынша «Antikor ortalygy» сервистік орталығында жемқорлыққа қарсы іс-қимылға байланысты іс-шаралар өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Бұл орталықта кез-келген азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы әртүрлі іс-шара ұйымдаса алады екен.

 

Батыс Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Ғасыр зұлматы

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар