Аймақтар • 25 Сәуір, 2020

Көкшетаудағы қайырымдылық шарапаты

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде қазақстандықтар бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсетіп жатыр. Мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қиындықты жеңуде қамқорлық танытып жатыр. «Біз біргеміз!» республикалық акциясы басталғалы оған қатысушылардың қатары артып келеді.

Көкшетаудағы қайырымдылық шарапаты

Осы жолы тәжік-ауған шекарасындағы әскери іс-қимылдарға қатысушылар облыс орталығындағы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына көмек көрсетті. Жаны жомарт, жүрегіне мейірім ұялаған жерлестеріміз бүгінгідей қиын кезеңде халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына қажетті деген азық-түлік өнімдерін сатып алып, үйді-үйге таратуды қолға алды. Акция аясында  35 отбасына көмек көрсетілмек. 

– Шамамыз келгенше қолдау көрсетеміз.  Бүгін 25 отбасына қажетті өнімдерді жеткіземіз деп отырмыз. Ал, ертең тағы  10 отбасын қамтимыз,–дейді «Тәжік-ауған әскери іс-қимылдарына қатысушылар» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы Қайдар Бәкіров.

Аталған акция ел бірлігін бекемдей түсуге зор ықпал етуде.  Ең қажетті деген азық-түлік қоры мен балалар үшін алынған тәтті-дәмділер, әсіресе көпбалалы отбасылардың қиындықты еңсеруіне зор демеу. Қайырымдылық шарасының шарапаты алтын құрсақты ана, алты баланы бір өзі тәрбиелеп отырған Асера Әлімқанованың отбасына  да тиді.

Коронавирус індетін бірігіп қимылдасақ қана жеңеміз. Аталған акция соның бірден-бір куәсі. Тек карантин режимін қатаң сақтау қажет.

 

Көкшетау қаласы

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше