Аймақтар • 25 Сәуір, 2020

Ерікті әкімдіктен дезинфекция құралдарын сұратып аула тазартып жүр

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау қаласының тұрғыны, ерікті Ербол Қажиев көпқабатты үйлердің кіре берісін тазартып жүр.

Ерікті әкімдіктен дезинфекция құралдарын сұратып аула тазартып жүр

Ерікті Ербол кейбір көпқабатты үйлердің маңайына дұрыс дезинфекция жасалмайтынын байқаған. Тұрғын үй кооперативтері төтенше жағдай кезінде мойын бұра қоймаған осы жұмысты бір өзі атқармақ болып қала әкімі Амангелді Смайыловқа арнайы хат жазып, дезинфекция құралдарын сұраған. Қала әкімдігі еріктінің ел жағдайын ойлаған ниетіне қолдау көрсетіп, барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз еткен. Ербол тұрғын үй инспекциясынан да жұмысы дұрыс жүргізілмей жатқан үйлердің тізімін алады. Мәселен, Абай, М.Ғабдуллин, М.Әуезов көшелерінде де мұндай үйлер бар.

Еңбегін жарнамалауды жаны сүймейтін Ербол бұл туралы жазбауымызды өтінді. Өз қарекетін айрықша еңбек деп санамайды. Біздіңше, көпке өнеге болу үшін айтуға әбден лайық іс. Елгезек Ербол бірнеше егде, мүгедек және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттерін апарып беріпті.

Әрқайсымыз Ербол тәрізді жанашыр болсақ, бізді ешбір қауіп қорқыта алмайды.

    

Көкшетау қаласы