Қоғам • 25 Сәуір, 2020

Биыл 8 мыңға жуық үлескер пәтер алады - Нұр-Сұлтан әкімдігі

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл 8 мыңға жуық үлескер өз пәтерлерін алып, құжаттарын рәсімдей алады.

Биыл 8 мыңға жуық үлескер пәтер алады - Нұр-Сұлтан әкімдігі

2020 жылы елордада құрылысы ұзаққа созылған нысандар саны 20 үйге азаяды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Ақерке 2», «Баспана Көктал», «Зере 1» тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысты. Елорда әкімі нысандарда санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажеттігін атап өтті. Қалада екі күн ішінде 26 нысан жабылды. Олардың басым бөлігі құрылыс компаниялары.

«Басты талап - карантин режимінің ережелерін қатаң сақтау. Барлық талап қатаң сақталмаған жағдайда, нысандардың жұмысы тоқтатылады. Қыста құжаттарды дайындап, ішкі әрлеумен айналыстық. Құрылыс маусымын зая кетіріп алмау аса маңызды. Құрылысы созылып кеткен тұрғын үйлерді аяқтап, пәтер иелеріне кілттерін табыстау — басты міндеттердің бірі. Құрылыс сапалы болуы қажет. Аумақты абаттандыру керек», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Құрылысы ұзаққа созылған үйлердің уақытында аяқталуы - Мемлекет басшысының бақылауында тұр. 2019 жылы 2,5 мың үлескері бар 10 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Әрбір үлестік құрылыс нысаны бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді.


Соңғы жаңалықтар