Әлем • 25 Сәуір, 2020

ДДҰ «иммундық паспортты» қолдамайды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кейбір елдер вирусты жұқтырып жазылғандарға саяхаттауға рұқсат беретін «иммундық паспорт» беруді ұсынды. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «иммундық паспортты» енгізуді қолдамады, өйткені COVID-19 коронавирустық инфекцияға антиденелердің болуы адамның қайта вирус жұқтырмайтынына кепіл бола алмайды» делінген ДДҰ сайтында жарияланған мәлімдемеде.

ДДҰ «иммундық паспортты» қолдамайды

«Дәл қазір  COVID-19 жұқтырған  және антиденелері бар адамдардың қайта жұқтырудан қорғалатындығы туралы ешқандай дәлел жоқ» делінген хабарламада.

Көптеген зерттеулерге сәйкес, инфекциядан айығып шыққан адамдар жаңа вирусқа антиденелер алады. SARS-CoV-2 вирусына антиденелердің бар болуы COVID-19 иммунитетін  қалыптастыра алатынын дәлелдей алмады.

COVID-19 антиденелердің дәлдігі мен сенімділігін анықтау үшін қосымша тексеру қажет. «Антиденелерді дамыту арқылы иммунитеттің тиімділігі туралы жеткілікті дәлелдер жоқ. Антидене табылған адамдар бізде иммуитет бар деп қоғамдық денсаулық сақтау ережелерін елемеуі мүмкін. Біз дәл қазір мұндай құжатты заңдастырсақ, вирустың одан әрі таралу қаупін арттырып алуымыз  мүмкін»  деп атап көрсетті ДДҰ.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50