Коронавирус • 25 Сәуір, 2020

Алматыда 97 жастағы әжейге індет жұқты

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда COVID-19 вирусын жұқтырудың жаңа 23 жағдайы анықталды, оның барлығы вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандар, карантинде провизорлық госпитальдарда емделіп жатқан адамдар.

Алматыда 97 жастағы әжейге індет жұқты

Олардың ішінде 17 әйел, 6 ер адам және 6 жасар бала бар. Вирус жұқтыруы жаңадан анықталғандардың арасында ең жасы үлкені бұл – 97 жастағы зейнеткер әже.

Жұқпалы аурулар стационарларында коронавирустық инфекциядан емдеуде Алматы облысынан пациентті есепке алғанда 717 адам бар.

Науқастардың жай-күйі әзірге өзгеріссіз, бір адамда – өте ауыр, 23 адамда – ауыр, 200 адамда – орташа ауыр дәрежесінде, қалғандарында – қанағаттанарлық.

Жалпы, 24 сәуірге Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 814 жағдайы тіркелді.