Коронавирус • 25 Сәуір, 2020

Алматыда карантинде 24 жүкті әйел жатыр

208 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазіргі күндері Алматыдағы №1 Қалалық аурухананың босану блогында Cоvid-19 диагнозы расталған 6 әйел бар, оның екеуі босанса, карантинде 24 жүкті әйел жатыр.

Алматыда карантинде 24 жүкті әйел жатыр

Бүгін Алматыдағы провизорлық орталыққа оқшауланған 32 жастағы әйел босанып та, емделіп те шықты.

Аяғы ауыр келіншек 12 сәуірде №1 Қалалық клиникалық ауруханаға 38 градустан жоғары дене қызуымен, жөтел, тамақтың жыбырлауы сынды катаралды симптомдармен келіп түсті.

Алайда, жүкті әйел ауруханаға келіп түскен кезде одан коронавирустық инфекцияға талдау алынып, індет жұқтырмағаны анықталған еді.

Ол 14 сәуірде 2 күннен кейін салмағы 3 кг-дан асатын баланы дүниеге әкелді.

«Менің карантинде жатып босануыма тура келді, – деді Ажар Манханова, – Бұл менің тұңғышым болғандықтан өте қатты уайымдап едім. Бұған дейін қасыма серік болатын адаммен тууды жоспарлағанмын, бірақ босану уақытым карантинге дәл келді. Бірақ медицина қызметкерлері көрсеткен үлкен қамқорлықтың арқасында тіпті жалғыз екенімді сезбей де қалдым. Менің ата-анам қала сыртында тұрады, олар да мені, баланың жай-күйін өзім сияқты қатты уайымдап отырды, азық-түлікпен, тамақпен мені кім қамтамасыз етеді деп уайымдап отырды. Бірақ мұнда тамақ жағы өте жақсы болды, мен ештеңені қажетсінбедім. Стационардың медицина қызметкерлеріне үлкен рақмет айтқым келеді. Карантин кезінде мен олардан көп нәрсені үйрендім, жас аналардың курсынан өттім деп те айтуға болады».

«Бүгін анасы ұлымен бірге бақылау талдауынан кейін үйге емдеуден шығарылды. Анасы да, сәби де өздерін жақсы сезінеді» – деді стационар басшысы Эрнест Қалиев.

 

 

АЛМАТЫ