Қазақстан • 26 Сәуір, 2020

26 сәуір: Қазақстанда ауа райы құбылмалы

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Казгидрометтің мәліметіне сәйкес, елімізде тұрақсыз ауа райы күтіледі.

26 сәуір: Қазақстанда ауа райы құбылмалы

Кейбір аймақтарда жаңбыр, найзағай, тұман, дауыл, екпінді жел, бұршақ түсуі мүмкін. 

Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз жел күшеюі мүмкін, күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде күн күркірейді.

Түркістан, Қызылорда Алматы, Атырау облыстарында, түнде Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды, күндіз Атырау облысында тұман түседі, Қызылорда, Алматы облыстарында жел күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жылдамдығы 20 м/с.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, түнде Қарағанды облысының оңтүстік шығысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай жарқылдап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

 

Соңғы жаңалықтар