Руханият • 26 Сәуір, 2020

Елордада қандай мәдени шаралар өтіп жатыр

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада карантин жалғасуда. Театр кассаларында кезекке тұрған адамдар жоқ, мұражай мен көрме залдары бос. Бұған қарамастан елорданың мәдени өмірі тоқтап қалған жоқ.

Елордада қандай мәдени шаралар өтіп жатыр

Ең керемет опера және балет қойылымдарын, спектакльдерді, классикалық және заманауи музыка концерттерін, сонымен қатар экспозицияларды онлайн режимінде көруге болады.

Бұл ерекше жағдайға байланысты өнер өзінің құндылығын жоғалтпайды. Оның құдіреті де осында. Осылайша сіз кез-келген көрме немесе концертті өзіңізге ыңғайлы уақытта тамашалай аласыз.

Елорда әкімдігінің ресми сайты театр көрермендеріне, музыка мен өнер сүйер қауымға, қаладағы онлайн мәдени шаралар кестесін ұсынады.

Тәуелсіздік сарайында бірнеше көрме өтеді.

1.«Әлем кимоно шебері Итику Куботаның көзімен» атты Күншығыс елінің халықаралық көрмесі. 

Итику Кубота - жапондық әйгілі кескіндеме және тоқыма шебері. Ол өзінің жеке әдісі – бояғыштарды, кесте және жібек тігістерді қолданудың күрделі процесін жасады. Шеберге әрбір кимононы жасау үшін бір жылға жуық уақыт кетеді. Сіз мына сілтемені басу арқылы шебердің жұмыстарын тамашалай аласыз. 

2. «Наполеон, өмір, аңыз» көрмесі. 

Экспозицияда 300-ге жуық экспонат, оның ішінде Наполеон дәуірінің көркем шығармалары мен қолжазбалары ұсынылған

3. Тәуелсіздік сарайының қабырғасында өткен «Білім» фотокөрмесі қазіргі білім, мектеп оқушылары мен олардың мұғалімдерінің жетістіктері туралы баяндайды.

Сілтеме 1

Сілтеме 2

7. «Құланшы» қазіргі заманғы өнер орталығы суретші, куратор және галерея иесі Лейла Махат өз туындылары мен ойлары бар виртуалды экспозициясын ұсынады. Заманауи қазақстандық суретшінің әлем шындығына көзқарасы туралы маңызды ролик.