Қоғам • 26 Сәуір, 2020

Ораза кезінде адам ағзасында болатын өзгерістер

7352 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ораза кезінде адам ағзасында қандай өзгерістер болады?

Ораза кезінде адам ағзасында болатын өзгерістер

1-ші ТАЗАЛАНУ КЕЗЕҢІ (1-2 күн)

Басың ауырады ма? Еш уайымдама! Оразаның бірінші күні қанымыздағы қант азаяды. Жүрек соғысы бәсеңдеп, қан қысымы төмендейді. Бұлшық еттен гликоген бөлініп, әлсіздік пайда болады. Тазаланудың алғашқы күндері ең қиындау болуы мүмкін. Бас ауру, жүрек айну, ауыздан жаман иіс шығу, тілдің ауырланып, ісінуі - тазаланудың бірінші кезеңі болып есептеледі. Осы кезеңде аштық қатты сезілуі мүмкін.

2-ші ТАЗАЛАНУ КЕЗЕҢІ (3-7 күндері)

Май қышқылының құрамы ыдырап, глицеридтер молекуласындағы глицеринді босап, глюкозаға айналады.

Бет майланып, кейбір жағдайда аздап бөртпе шығуы мүмкін. Ағза оразаға үйрене бастайды, ас қорыту жүйесі демалып, барлық күш тазалануға және емделуге жұмсалады.

Қанның ақ түйіршіктері мен иммунитет жүйесінің белсенділігі артады. Өкпе тұсыңыз ауырсынуы мүмкін. Тазалану органдары, өкпе жолдары ретке келіп, жаңалану процессі үстінде болады. Тіліңіз ағарып, тоқ ішекке жабысқан нәжіс ажыратыла бастайды.

3-ші ТАЗАЛАНУ КЕЗЕҢІ (8-15 күндері)

Өзіңді сергек сезініп, қуатың тасиды. Алайда, ескі жараларың қозып, біраз ауырсынуы мүмкін. Бұл, ағзаның ораза кезінде өзін-өзі емдеуге көшкенін көрсетеді.

Ағза өз бойынан өлі не жарақаттанған жеріне (ткани) лимфоциттер секреттелген (шырышты) заттарды жеткізіп, ақаулы жасушаларды жоюға кіріседі.

Осы шырышты заттар бұрын болған ақау орнын қайта ауыруына әкеп соқтырады және сол жердегі жүйке талшықтарына әсер етеді. Ағза өзін-өзі емдеп сауықтыруының басты көрсеткіші де осы ауырсыну. Бұлшық еттер қатайып, токсиндердің әсерінен ауырсыну асқындайды.

Токсиндер аяқта жиналатын болған соң, аяқтарыңызда ауру сезінесіз. Ауыз қуысында шағын жаралар пайда болуы мүмкін,  ол бактериялардың көбеюі салдарынан болады. Күнделікті ауызды тұзды сумен шайып тұрсаңыз, жаралар тез жазылады.

4-ші ТАЗАЛАНУ КЕЗЕҢІ (16-30 күндері)

Ағза ашығуға әбден үйренген. Қуатыңыз көп, ой-санаңыз тынық.

Тазалану кезеңдері қысқарып, тіліңіз қызғылттанып, тынысыңыз тазарады. Ағзалар әр түрлі ауру қоздырғыштарынан тазалағаннан соң, органдар екі есе тез жұмыс жасап, ақауы бар жойылған жасушалар орнын толықтырады.

20 күннен соң санаңыз тынық, жүйкеңіз тыныш, қуатыңыз көп, бойыңызда жақсы баланс сезіледі.  Есте сақтау қабілетіңіз артады.

Керемет өзгерістер. Одан да маңыздысы - Алла Тағаланың ораза тұтқан жан үшін бұл дүние мен ақыретте беретін нығметтері көп.