Аймақтар • 26 Сәуір, 2020

Тараз қаласында бірқатар нысан салынады

1261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тарихи Тараз шаһарының сәулетін арттыруға әрі тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеруге жыл сайын тиісті көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, талай жылдан бері пәтер кезегінде тұрған көпбалалы және аз қамтылған отбасылар да жыл сайын баспаналы болуда.

Тараз қаласында бірқатар нысан салынады

Тараз қалалық әкімдігінің мәліметінше, ағымдағы жылға арналған жоспар да ауқымды. Мәліметке сүйенсек, 2 жаңа мектеп, 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып, 54 көппәтерлі тұрғын үй, 88 шақырым жол мен тротуарлар жөнделетін болады. Балалар және футбол алаңдары бар 165 аула ретке келтіріледі. Сонымен қатар, онкологиялық ауруханаға, қала аумағына қарайтын «Құмшағал» және «Шалғай Қарасу» алқаптарына газ және су құбырларын тарту жұмыстары жалғасын табады. Нәтижесінде тараздықтар үшін кемінде алты мың жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

Сондай-ақ 168 нысанның құрылыс-жөндеу жұмыстарына қажетті 45,9 миллиард теңге бөлінген. Тиісті жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

Жамбыл облысы